Кебірлер
Кебірлердің қалыптасуы.
Кебірлер деп сіңіруші кешені
натрий катиондарымен қаныққан, ал суда еритін тұздары
астыңғы горизонттарға шайылып кеткен топырақтарды айтады.
Кебірлерге құрамындағы сіңірілген натрий мөлшері 20%-дан
асатын топырақтар жатады. Егер сортаңдарда тұздар А горизон-
тында шоғырланған болса, кебірлерде олар төменгі В горизон-
тында болады.
Кебірлер пайда болуының негізгі себебі, натрийдің судағы
ерітіндісінің төменгі горизонттардан капиллярлармен көтерілуі.
Натрий тұздары топырақта биологиялық жолмен де жинақталуы
мүмкін. Сонымен қатар натрий тұздары жусан, сораң өсімдіктер
қалдықтарының органикалық заттарының ыдырауы кезінде де
жинақталады.
Кебірлердің пайда болу жолы мынадай: топырақ ерітін-
дісінде натрий тұздары көбейген сайын, сіңіру кешенінен
кальций мен магний ығыстырылып, олардың орнын натрий ба-
сады. Топырақтың нашар коагулятор болып табылатын натрий-
мен қанығуына байланысты, органикалық және минералдық
коллоидтар гель күйінен золь күйіне ауысады, жылжымалы бо-
лып жоғарғы горизонттардан төменге шайылады да тығыз
иллювиалды немесе кебірлі горизонт түзеді. Жоғарғы горизонт-
та лайлы тұнба фракциясы азайып, төменгі горизонтта көбейеді,
құрылымы бұзылады, топырақ күшті сілтілік реакцияға ие
болады.
Жер асты сулары кейбір себептермен тартылып кеткен
жағдайда, Са мен Mg еритін тұздары жауын-шашынмен топы-
рақтан оқтын-оқтын шайылып отырады, ал топырақтың сіңіруші
кешені натрий катиондарымен қанығып, кебірлер түзеді.
Кебірлердің құрылымы.
Кебірлердің топырақ кескіні
генетикалық горизонттарға жақсы бөлінеді. Онда үш горизонт
бар: А – элювиалдық горизонт, В – иллювиалдық горизонт, С
горизонты – аналық немесе топырақ түзуші горизонт.
Төменде кебірдің топырақ кескінінің мысалы берілген:
А
0
– 10 см элювиалдық горизонт, ашық-сұр, құрылымсыз,
кейде қабыршақты құрылымды, тұзда еритін тұздар мүлде жоқ
немесе аздап болады, кейде бетінде үлбір түзіледі;
B
i
10–23 см иллювиалдық-кебірлі горизонт, күңгірт-сұр,
біржарымдық тотықтармен, қарашірік және лайлы тұнбамен
қаныққан, вертикаль сызаттарымен бөлінеді, ылғалды күйде
тұтқыр, су өткізгіштігі нашар, құрғақ күйінде қатты жарылады,
NaHCO
3
, NaCO
3
бірталай мөлшерде болады, құрылымы тығыз,
ауыр саздақ;
B
2
23–58 см иллювиалдық
, кесекті-жаңғақты, күңгірт-құба,
құрылымы кесекті, тығыз, құрамында СаСО
3
бар ауыр саздақ;
B
3
58 – 104 см иллювиалдық-тұзды горизонт, сұрғылт-
құба, тығыз, құрылымы призмалы, аққөздер ретіндегі кальций
карбонаттары көп, кескіні бойында карбонаттар, хлоридтер,
сульфаттардың ең көп мөлшері жинақталған;
С
к
– аналық жыныс 104 – 120 см тереңдіктен басталады,
құба-қошқыл түсті, Са карбонаттары көп, ауыр саздақ;
Достарыңызбен бөлісу: |