тында созыла орналасып, зона түрінде солтүстіктен оңтүстікке
жылжыған сайын басқа топырақ типімен ауысып отырады. Бұл
құбылыс басты топырақ түзуші факторлармен (өсімдік жамыл-
ғысына және климатқа) тығыз байланыста жүреді.
Қазақстанның жазық аймағын 4 табиғат зонасы (орманды
дала, дала, шөлейт және шөл) кесіп өтеді. Жазықтарда қара-
топырақ (чернозем), күңгірт-күрең (темно-каштановый), күрең
(каштановый), ашық-күрең (светло-каштановый), құба (бурый)
және сұр-құба (серо-бурый) топырақ зоналары таралған. Топы-
рақтың ендік (горизонталь) бағытта орналасқан топырақ зона-
ларының ішінде зона тармақтары айқын байқалады. Республи-
каның қиыр солтүстігіндегі Солтүстік Қазақстан және Көкшетау
облыстары жеріндегі орманды дала зонасының шағын бөлігінде
орманның сұр
топырағы таралған.
Қара топырақ
зонасы рес-
публиканың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігін, яғни
52
0
солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай, негізінен Қостанай,
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Көкшетау
облыстарының бірталай бөлігін алып жатыр. Бұл зона
республика аумағының 9,5%-ын қамтиды.
Қара топырақты
зона
сілтісізденген қаратопырақ, кәдімгі қаратопырақ
және
Достарыңызбен бөлісу: