Осыған байланысты топырақ құнарлылығын бағалау, сақтау мен
арттыру ауылшаруашылық дақылдарының өнімдерін өсіру
үшін ғана емес, алдымен жер бетіндегі экологиялық жағдайдың
тіршілікке қолайлы болуы үшін қажет. Алайда, соңғы кездері
топыраққа антропогенді әсерлердің ықпалы қарқындап арта тү-
суде, көп жағдайда өсімдіктің өсіп-дамуына қолайсыз экология-
лық күштердің қалыптасуы салдарынан өнім азайып, сапасы
төмендеуде.
Қоғам мен табиғат арасындағы қатынас адамзат үшін ең
негізгі тіршілік мәселесі болып саналады, табиғатты қорғап,
жерді аялап , күтудің арқасында ғана Жер бетінде тіршілік дұ-
рыс қалыптасады. Міне, осы арақатынасты үйлесімді ету ең ал-
дымен қоғамның, жеке адамның әсіресе, адамзаттың қоршаған
ортаға, оның байлығына және бүлінуі мен азаюының себептері
туралы қалыптасқан әлеуметтік көзқарастарына, бұған рухани
негіз болатын тиісті экологиялық тәрбиесі мен біліміне тікелей
байланысты. Адамзатты қоректік заттармен қамтамасыз етуде
қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейтіп, сапасын арт-
тыру үшін тиісті мамандарға топырақтың құнарлылығын, олар-
ды өсімдіктің жағдайына қарай жақсарту жолдары жөнінде тү-
бегейлі білім қажет.
Соңғы кездері қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экология-
лық дағдарыс жағдайы дүние жүзінде тіршілікті сақтап қалу
үшін, табиғат алдында адамзат үшін тұтынушылық іс-әрекетін
толығымен қайта құру талабын қойып отыр. Осы ұлы мақсатқа
жас мамандарды мектеп жасынан бастап экологиялық тұрғыда
тәрбиелеу оңтайлы нәтиже береді.
Аталған өзекті мәселелердің негізін іске асыру үшін топы-
рақтану пәнінің заңдылықтарын білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: