1955-1965 жылдары Қазақстанның барлық облыстарының
орта масштабы (1:300000) топырақ карталары жасалды. Онда
пайдаланылған жаңа топографиялық негіздер және зерттеу
жұмыстарының асықпай, 10-11 жылдай жүргізілуі республика
облыстарының топырақтары туралы толық мәлімет алуға
мүмкіндік берді. 1968-1972 жылдары аралығында қосымша
алынған материалдар негізінде Қазақстанның жаңа топырақ кар-
тасы жасалды. (1:2500000). Карта авторлары – облыстық топы-
рақ карталарын жасаған ғылыми қызметкерлер, жауапты редак-
торы Ө.Оспанов, ал карта жасауға кеңесші болған белгілі ғалым
Е.В.Лобова. Бұл мейлінше толық жасалған, практикалық жұ-
мыстарға қолдануға ыңғайлы карта болып шықты. Карта 1974
жылы Мәскеуде халықаралық топырақтанушылар конгресінде
өте жоғары баға алды. Карта республикамыздың жоспарлау ор-
гандарына жақсы қолғабысын тигізуде. Бүгінде зертхана ғалым-
дары республика топырағын тиімді пайдалану үшін бұрын зерт-
теулермен толық қамтылған кейбір таулы аймақтардың топы-
рақтарын зерттеуде, топырақтың жүйелену тәртібін жетілдіруде.
Достарыңызбен бөлісу: