мысалы, топырақтағы биологиялық үдерістер (жоғарғы саты-
дағы өсімдктер мен микробиологиялық әрекеттер). Жер шарын-
дағы климаттық жағдайлар экватордан полюстерге, ал таулы
аймақтарда тау етегінен жоғары қарай биіктеген сайын заңды
түрде өзгереді. Осы заңдылықтар бойынша өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі де өзгереді. Айта кететін нәрсе, климат
элементтері ғана емес бір-бірімен байланысты топырақ түзуші
факторлар да бірлесе әсер ете отырып топырақ типін өзгрете
алады.
Жалпы климат өзінің элементтері мен топыраққұралу үде-
рісінің бағытына қарқынды әсер етеді. Метеорологиялық эле-
менттердің (жағдайлардың) ішінде топыраққұралуда басты
қызметті жауын-шашын, температура және жел атқарады. Осы
климат элементтерінің мөлшері мен олардың өзара септесулері
бұрынғы КСРО территориясының әр жерінде әртүрлі.
Топырақ ылғалының сарқылмас көзі және топырақ құнар-
лығының элементі –
Достарыңызбен бөлісу: