түсетін, жылы, булануы мол аймақтарда кездеседі. Олардың
пайда болу жолдары әрқалай.
1) Бұл топырақ астындағы
тұзданған ыза суларының жер
бетіне жақын болып, олар буланған кезде топырақ қабаттарында
және оның бетінде су құрамындағы тұздардың шоғырлануы-
нынан пайда болады. Сорлану үшін топырақ астындағы ыза су-
лардың жер бетіне жақындағы
мен олардың тұздану деңгейі
едәуір рөл атқарады.
Сулардың тұздану деңгейі 17-кесте.
Жер асты суларының тұздану деңгейі
Судағы тұздар мөлшері л/г
Тұщы сулар
1
Аз тұзданған сулар
1-3
Орта тұзданған сулар
3-10
Мол тұзданған сулар
10-50
Аса мол тұзданған сулар
50
Жер асты суы топырақ бетіне
неғұрлым жақын әрі оның
тұздану деңгейі жоғары болса, ауа райы жылы немесе ыстық
аймақтарда топырақтың тұздану үдерісі соғұрлым жылдамырақ
болады.
2)
Қалдықты сорланған топырақтар, топырақ түзуші тау
жыныстарының мол тұздануынан қалыптасады.
3) Ойпатты жерлерде кездесетін кейбір көл суларының
ыстық ауа-райы жағдайында түгелдей буланып кетуінен, бұ-
рынғы көлдер түбінде
нағыз сор жиналып, онда ештеңе де
өспейді.
Достарыңызбен бөлісу: