«Менің есімім» ойыны
Өте жақсы ,балалар. Есімдерің маған ұнады. Ал қазір осы айтқанрарыңды тек естіп қана
қоймай, суретке де түсіріп, көзбен көрейік. (суреттерін тақтаға іліп, әр балаға өз суретін
талдатқызу)
Психолог: Ал үйде сендерді аналарын қалай атайды? Сендер ұнататын есімдер де бар
шығар. Мен сендерге бұл әдемі гүлді беремін. Үйде гүлдің жапырақтарының үстіне аналарыңмен
бірге өздеріне ұнайтын есмдерді жазасыңдар. Ал ерекше ұнайтын есімнің үстіне мына көбелекті
жапсырыңдар.
«Сиқырлы орындық» ойыны
Мақсаты: балалар сөйлеуінде нәзік сөздерді қолдануы, мейірімді, сыпайы болу
дағдыларын қалыптастыру.
Ойын жүрісі: бір бала ортада «Сиқырлы орындыққа» отырады. Қалғандары отырған
балаға жақсы сөздер, еркелетіп, мақтау сөздерін айтады. Құшақтауға, сипауға, сүюге болады.
«Көршіңе сыйла» ойыны
Психолог:Балалар, енді шеңберге отырып, «Көршіңе сыйла» атты ойын ойнайық. Ойын
шарты бойынша алдымен сыйлайтын затты елестетіп, бір-біріне сыйлау қажет. Мен бастаймын:
Көршіме мен балапан сыйлаймын (алақанға салған балапанды, гүлді, көбелекті, самал желді,
теледидар т.с елестету).
- Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
Рефлексия: Бүгін өзің туралы жаңадан не білдіңдер? Балалармен қатынасуда не сездіңдер?
(ауызша әр бала өз ойын айтады)
«Достық эстафетасы» қоштасу сәті
Қол ұстасып тұрып, бір-біріне қолын қысады.
Психолог: Мен өз достығымды сендерге беремін, ол менен --,---,---,---, ең соңында қайта өзіме
оралады (балалар әр қайсысы айтып шығады).
Психолог: Әрқашан қасымызда достарымыз болсын.
№3 Сабақтың тақырыбы: «Мен және басқалар»
Сабақтың мақсаты: өзіне сенімділігін арттыру; айналасындағылармен қарым-қатынасын
реттей білуге үйрету.
Құрал жабдықтар: қағаздан қиылған гүлдер, доп, қағаз, қалам.
Сабақ барысы:
«Жүректен жүрекке» амандасу сәті
Шеңберде отырған балалар қол ұстасып, көршісіне қарап, күлімдейді. Әрқайсысы кезекпен
көршісіне жақсы сөздер айтып, гүл сыйлайды.
«Есімдер» ойыны
Мақсаты: өзін-өзі бақылай білу дағдыларын қалыптастыру.
Ойын жүрісі: балалар көңілді әуенмен еркін қозғалып жүреді. Жүргізушінің қолында доп. Ол
бір баланың есімін атап, допты соған тастайды. Есімі аталған бала жүгіріп келіп, допты қағып
алуы тиіс. Ол келесі баланың есімін атайды. Естімей қалса немесе қағып алуға үлгермеген бала
көрермен болып отырады. Ойын солай жалғасады.
«Түрін зерттеу» ойыны
Мақсаты: баланың қатынасудағы жетістіктерін көру; тактильді есті дамыту.
Ойын жүрісі: балалар екі топқа бөлінеді де, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бірінші топ
балаларының көздерін байлайды. Екінші топ балалары орындарын ауыстырып, жақындайды.
Көздері байланған балалар қарсы тұрған баланы қолдарымен беттерін ұстап, шаштарын сипап,
тануға тырысады. Орындарын ауыстырып, ойын жалғасады.
«Мен мақтан етемін» жаттығуы
Мақсаты: өз білімдері мен мінездерін бағалай білу; өздік бағалауын көтеру.
Әр адамда өзгелерден артық істей алатын істер болады. Бірақ айналасындағылар бұл туралы
білмеуі мүмкін. Қазір әрқайсың «Мен мақтан етемін» деп, өзінің жағымды мінез-құлығын атап,
басқалардан артық не істей алатыны жөнінде әңгімелеп беріңдерші. Ал қалғанымыз тыңдаймыз.
Талдау: бұл жаттығуды орындау барысында қиын болды ма? Қандай жағдайда бұнымен
пайдалану тиімді?
«Танысу қызметі» ойыны
Мақсаты:өзара қарым-қатынастырын жақсарту
Ойын жүрісі: қатысушылар дос іздеу туралы хабарлама шығарады. Бұнда оған қойылған
талаптар да анықталады.
Рефлексия: Не қиын, досты сипаттау ма, әлде табу ма? Өзгелерге жоғары талап қойғанда
өзін не бере аласың? Өзің қандай дос боласың?
«Достық эстафетасы» қоштасу сәті
Қол ұстасып тұрып, бір-біріне қолын қысады.
Психолог: Мен өз достығымды сендерге беремін, ол менен --,---,---,---, ең соңында қайта өзіме
оралады (балалар әр қайсысы айтып шығады).
Психолог: Әрқашан қасымызда достарымыз болсын.
№4 Сабақтың тақырыбы: «Ұлдар мен қыздар»
Сабақтың мақсаты: топта жағымды эмоциялық жағдай жасау; ұлдар мен қыздар жөнінде
ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы түсініктер қалыптастыру
Құрал-жабдық: ойыншықтар-машина, қуыршақ, қағаз, қарындаш .
Сабақ барысы:
«Жүректен жүрекке» амандасу сәті
Шеңберде отырған балалар қол ұстасып, көршісіне қарап, күлімдейді. Әрқайсысы кезекпен
көршісіне жақсы сөздер айтады.
«Біздің қатынастарымыз» әңгімелесу
Мақсаты: ұлдар мен қыздарды қатынасу мәдениетіне үйрету;
Ұлдар қыздарға қатысты мейірімді, сыпайы болулары тиіс: күртешесін немесе пальтосын
алып бере білу, алдынан өткізу, орындықта орын беру. Ұлдар қыздарға қиын жағдайларда
көмекке келу керек: тайғанақ жерден өтуге, біреулер ренжітсе, қорғау, ойыншықтарды жинауға
көмектесу, ауыр затын көтеру.
Қыздар: ұлдардың көмегін қабылдау, алғыс айту немесе сыпайы түрде бас тартуды білулері
тиіс, қатынасуда жағымсыз мінез-құлықты көрсетпеу. Ұлдарға ойыншықтарды жинастыруға,
шаң сүртуге, бөлмені жинауға, киімдерін дұрыс киіп жүруге көмектесу
«Қыздардың қорғаушылары» дидактикалық ойыны
Мақсаты: ұлдар мен қыздар ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Ойын жүрісі: Ұлдар мен қыздар қатынастарының жағдайын суреттен қарастыру. Қандай
ұқсастық пен айырмашылықтар бар? Неге ұлдар қыздардан күштірек? Қорғау деген не? Неге
қыздарға орын беру, ауыр заттарын көтеруге көмектесу керек? т.с.
Бекітуге арналған жаттығу: балалар суретте бейнеленген әрекеттерді көрсетеді.
Ұлдар мен қыздар - бізде тең,
Тек ұлдар есте сақтау тиіс.
Қыздар әлсіз, нәзік олардан,
Ұлдар оларды қорғау тиіс.
Этюд «Жаңа ойыншықтар»
Жүргізуші ұлдарға - жаңа машина, қыздарға - жаңа қуыршақ сатып алғаны туралы
балаларға әңгіме тыңдауға ұсынады. Олар қуанады, күледі, секіреді, айналады, жаңа
ойыншықпен ойнайды. Көңілді әуен қойылады. Қимылдарын дұрыс көрсету: билеу, секіру,
күлу...
«Су» ойыны
Мақсаты: қыздарға қамқор болуға, бір-бірін сыйлауға баулу.
Ойын жүрісі: балалар шеңберде отырады. Жүргізуші айналып жүріп: «Келемін, келемін,
өзіме дос іздеймін!» дейді. Әр баланың алдына тұрып, сұрайды: «Менімен ойнағың келе ме?
Онда жүр менімен!». Баланы қолынан ұстап, келесі балаға барады. «Жүр бірге, дос табайық!»
Біртіндеп барлық баланы жинап, шынжырға ұқсайтын болады. Соңғы бала шеңберді құрады.
Орнында тұрып, бірге айтады: бұл жерде су бар екен, басым айналады. Бұл су, бұл су! Қалай мен
өтемін? Артқа бұрылып, секіреді де «суға» түседі. Ұлдар тез тұрып, қыздарға тұруға көмектеседі.
Қыздар алғыс айтады.
«Ұлдар-қыздар» сурет көрмесін ұйымдастыру
Мақсаты: балалардың шығармашылығын дамыту.
Балаларға қиялдап көруге ұсынылады. Ұлдар мен қыздар неден жасалған? (түрлі тәттілерден,
ойыншықтан, т.б.). Соңында өз суреттерін талдап, бір-біріне сыйлайды.
«Достық эстафетасы» қоштасу сәті
Қол ұстасып тұрып, бір-біріне қолын қысады.
Психолог: Мен өз достығымды сендерге беремін, ол менен --,---,---,---, ең соңында қайта өзіме
оралады (балалар әр қайсысы айтып шығады).
Психолог: Әрқашан қасымызда достарымыз болсын.
№5 Сабақтың тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: отбасына деген жылы қатынасын қалыптастыру.
Сабақ жүрісі:
«Жүректен жүрекке» амандасу сәті
Шеңберде отырған балалар қол ұстасып, көршісіне қарап, күлімдейді. Әрқайсысы кезекпен
көршісіне жақсы сөздер айтады.
Үй тапсырмасы тексеру «Гүлдегі есімдер»
Психолог: өткен сабақта аналарыңмен бірге өздерің ұнататын есімдерді жазып келу
тапсырылған. Енді сол гүлдеріңді көрейік.
«Отбасы» рөлдік ойыны
Анасы жұмыстан шаршап келіп, қоқысты шығаруға қызынан өтінді. Қыз анасының тамақ
әзірлеу керектігін білсе де, шығаруға ерініп, әр түрлі сылтауларды айтады. Әкесі де жұмыстан
келді. Ол бұл жағдайға араласпайды (рөлдерге бөлу, көрініс ретінде көрсету). Қойылымнан кейін
жүргізуші кімнің қалай сезінгенін, оның орнында өзі не істер екені жөнінде сұрайды.
«Сүйіспеншілік пирамидасы» ойыны
Мақсаты: отбасын, қоршаған дүниені, адамдарды сыйлауға тәрбиелеу; коммуникативтік
қабілетін қалыптастыру.
Психолог: Әрқайсымыз біреулерді, бір нәрселерді ұнатамыз. Мысалы өз үйімізді,
отбасымызды т.б сүйеміз. Ал сендер кімді, нені сүйесіңдер? Айтып беріңдерші.
Ал қазір бәріміз қолдарымыздан сүйіспеншілік пирамидасын құрып көрейік. Мен өзім нені
ұнататынымды айтамын да, қолымды қоямын. Содан соң әрқайсыларың өзінікін айтып,
қолдарыңды қоясыңдар. Сөйтіп біз пирамида құраймыз. Сендер қол жылуын сездіңдер ме?
Сендерге ұнайды ма? Қараңдаршы, қандай биік пирамида шыққанын! Себебі біз де, бізді де
сүйеді.
«Менің отбасым» сурет салу
Ертегілер кейіпкерлері түрінде салу, талдау.
«Жақсы-жаман» дидактикалық ойыны
Анаңа көмектесу - бұл жақсы, себебі.....
Әжеңе көмектесу - бұл жақсы, себебі.......
«Туған күн» ойыны
Мақсаты: топты біріктіру және жайлы эмоциялық жағдай жасау.
Ойын жүрісі: туған күн иесі таңдалады. Қонақтарға (балаларға) құттықтау ойлап шығару
мен сыйлық дайындау ұсынылады. Сыйлықты қимыл, ым арқылы беру керек. Әр бала өз
сыйлығын тапсырған кезде, қалғандары оның не сыйлағанын табады.
Бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиетттерінің бірі - мейірімділік, жанашырлық туралы
әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты - әдептілік белгісі.
Мен сендерге өте қызықты әңгіме әкелдім. Қазір бірге көрейік. «Жан ана» аңыз әңгімені
проектордан көрсету.
Талдауға арналған сұрақтар:Ауыл адамдарының қылығы жайында не ойлайсыңдар? Егер
бұл жағдай өзгерсе, онда жан ана ауыл адамдарын кешіре ме? Әңгіменің сюжеті ары қарай қалай
дамиды?
«Жақсылыққа - жақсылық - әр адамның ісі,
Жамандыққа - жақсылық - ер адамның ісі» халық мақалында айтылса, ұлы ақынымыз Абай
Құнанбаев «тұрпайы мінез тағы жат - надандықтың белгісі» деген екен.
Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен
бақытқа бөлейді. Мейірімді адам өзге адамға, туған туысқандарына, табиғатқа деген
жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.
Топтық жұмыс
1-топ «Сиқырлы қалам» жаттығуы
Күнделікті өмірде кездесетін әдепті сөздерді естеріне түсіріп, төменгі кестені толтыр:
Сыпайы сөздер, құрметтеу сөздері, аяулы сөздер, жағымды сөздер. Кесте толтыру
2-топ «Күлкім менің, қайдасың» кітабынан үзінді.
Отбасы жағажайға демалысқа шықты. Балалар теңізге суға түсіп, құмға сурет салып ойнап
отырады. Бір кезде алыста кішкентай кемпір көрінді. Оның ақ шаштары желбіреп, үстіндегі киімі
лас еді. Өз-өзімен сөйлеп құмнан бір нәрселерді теріп сөмкесіне салып келе жатты. Ата-аналар
балаларын қасына шақырып, кемпірден аулақ болуды тапсырды, кемпір отбасының қасынан өтіп
бара жатып, жерден бір нәрсені алмақшы болып еңкейіп оларға қарап жымыйды. Бірақ ешкім
оған жауап қатпады. Бірнеше аптадан өткен соң, олар бұл кішкене кемпірдің балалардың аяғына
кірмесін және жарақаттанып қалмасын деген оймен, ол жерден әйнектер теріп жүргенін білді.
Талдау сұрақтары:
1. Балалардың ата-анасы неліктен үлкен кісіден аулақ болыңдар деді?
2. Кәрі әженің ниетін қалай түсіндіре аласыңдар?
3. Демалып жатқандарға не айтар едіңдер?
3-топ «Кішкентай Хасан мен анасы»
Балаларға арналған әңгімелер жинағынан.
Тапсырма: анаға мінездеме беру. Постер арқылы түсіндіру.
Мәтіндегі оқиғаға ұқсас жағдай өмірде кездесе ме?
4-топ Өз достарына не тілейсің?
Жақсы сөздердің адамға әсері \
Жағымсыз сөздердің адамға әсерін жазу.
«Достық эстафетасы» қоштасу сәті
Қол ұстасып тұрып, бір-біріне қолын қысады.
Психолог: Мен өз достығымды сендерге беремін, ол менен --,---,---,---, ең соңында қайта өзіме
оралады (балалар әр қайсысы айтып шығады).
Психолог: Әрқашан қасымызда достарымыз болсын.
№6 Сабақ тақырыбы: «Мен қатынасамын»
Мақсаты: балалардың коммуникативтік қабілетін қалыптастыру.
Сабақ жүрісі:
«Жүректен жүрекке» амандасу сәті
Шеңберде отырған балалар қол ұстасып, көршісіне қарап, күлімдейді. Әрқайсысы
кезекпен көршісіне жақсы сөздер айтады.
«Қол ұстау» жаттығуы
Мақсаты: балаларда бір-бірімен қатынасу дағдыларын қалыптастыру.
Ойын жүрісі: үш минут ішінде басқа қатысушылармен ортақ бірденені көбірек табу
керек.Тапқан кезде екі бала қол ұстасады.
«Қатынасу деген не?» әңгімелесу
Адамдар не үшін қатынасады? Үнемі қатынасқын келе ме? Қалай қатынасуға болады?
«Менімен бөліс» жаттығуы
Мақсаты: өз сезімін білдіре білуге, өзгені түсінуге үйрету.
Ойын жүрісі: балалар екіге бөлінеді. Әрқайсысы алдымен осы аптада болған ең қуанышты
жайлары жөнінде әңгімелейді, содан кейін ең көңілсіз жағдайын айтады. Талдау.
«Мейірімді сөз» ойыны
Мақсаты: ішкі қысымын төмендету.
Ойын жүрісі: балалар шеңберде отырады. Әрқайсысы өз көршісіне қарап, оған
«мейірімді» сөздер айтады. Орындарын ауыстырады.
«Күлкі» сергіту сәті
Балалар жұпқа бөлінеді. Әр жұпта бір бала екіншісін күлдіртуге тырысады (қимыл, сөз,
дауыс ырғағы, ым). Орындарымен ауысады.
«Мен кіммін?» ойыны
Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі
оларды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа
тәрбиелеу.
Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала - күннің бейнесі. Бұл бейненің
жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп,
түнеріп тұрған бала - күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын
қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы
беріледі.
«Мен кіммін? Мен қандаймын?» өзін-өзі талдау
Жазбаша түрде үш сөйлемді жалғастыру қажет: Мен ойлаймын, мен ...; басқалары мені ...
деп есептейді; менің ... болғым келеді. Әрбір сөйлем үшін, плакаттағы тізімнен 5-тен 10-ға дейін
анықтамалар таңдап алыңыздар. Сәйкес келгендер саны есептелінеді, оқушылар арасындағы көп
ортақ сәйкестіктер тақтада белгіленеді.
1.«Мен қандаймын! Таптыңдар ма?»
Балалар өздеріне және өздерінің ермектеріне сипаттама береді, бірақ жұмысқа өздерінің аттарын
жазбайды (барлығы оған өздерінің белгілерін қояды). Өздерінің нұсқаларын тапсырады.
Жүргізуші оларды араластырады және таратады. Оны оқығанда, балалар сол жұмыстың кімдікі
екендігін табулары қажет.
2.Айналадағы қоршаған ортаға зиян, кедергі келтіретін әдеттер. Оларды жеңу жолы. Ереже.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз,
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз.
Атсын күліп танымыз.
«Жаңбырдан соң өседі» жаттығуы
Шарты: жауыннан соң гүлдер, шөптер, жемістер өседі, ал орындық қанша суарсаң да
өспейді. Мен жаңбыр жауған соң өсетін нәрселерді атағанда сендер шапалақтаңдар, ал өспейтін
нәрселерді атағанда үндемеңдер.
«Әй жарайсың!» ойын-тренинг
Мақсаты: тұлғаның өзінің даралығын бағалау.
Ішкі және сыртқы жағынан тұрып екі шеңбер жасаңдар. Қарама-қарсы тұрған 2 жұптың
біреуі жетістіктері туралы айтады, ал тыңдап тұрған кісі саусақтарын бүгіп тұрып серігінің
айтқан әр жетістігін «Әй жарайсың!» бір деп санап жалғастырады. Егер сіз өзіңіз туралы жаман
ойласаңыз қайраттанып жақсылықты айта беріңіз. Енді менің белгім бойынша 1 топ тоқтап, 2
топ ауысады, ойын осылайша жалғасады.
Талдау: Өзің туралы көп жақсылықты есіңе түсірдің бе? Өзіңнің серігіңнен нені білдің?
Этюд «Қуаныш биі»
Балалар шеңберде қол ұстасып тұрады. Алдымен көңілді торғайлар сияқты, енді көңілді
мысықтар сияқты, содан кейін көңілді ойнап жүрген балалар сияқты секіріп жүреді.
Қоштасу салты «Достық»
Балалар қолдарын бір-бірінің иықтарына қойып, құшақтасады. Оңға-солға қозғалады.
№7 Сабақ тақырыбы: «Сиқырлы сөздер»
Мақсаты: айналадағыларды құрметтеуге тәрбиелеу
Құрал-жабдық: сөздер жазылған парақшалар
Сабақ жүрісі:
«Жүректен жүрекке» амандасу сәті
Шеңберде отырған балалар қол ұстасып, көршісіне қарап, күлімдейді. Әрқайсысы
кезекпен көршісіне жақсы сөздер айтады.
«Жақсы сөздер» ойыны
Ойын жүрісі: балалар шеңберде отырып, қол ұстасады. Бір-біріне қарап, бірнеше жақсы
тілектер, мақтаулар айтады. Екінші бала алғысын білдіріп, келесі көршісіне өз тілектерін айтады.
Ойын солай жалғаса береді. Жүргізуші көмектеседі.
«Кәне, амандасайық» жаттығуы
Ойын жүрісі: балалар бір-бірімен ерекше амандасады: мұрнымен, маңдайымен, аяқпен,
арқамен т.б.
«Нәзік есімдер сандықшасы» жаттығуы
Ойын жүрісі: балалар өздеріне және жолдастарына нәзік есімдер ойлап шығарады. Кім
көбірек ойлап табады, сол жеңеді. Балаларға қонаққа Буратино келеді. Ол балаларға өзімен бірге
сиқырлы сөздер жазылған парақшалар алып келеді (сәлеметсіз бе, кешіріңіз, сау болыңыз,
рахмет, кіруге рұқсат па, т.б.). Буратино сол сөздердің мағынасын түсіндіріп беруді сұрайды.
«Сыпайы сөздер дүкені» ойыны
Мақсаты: өзгелермен сыпайы сөйлесуге, сыйлауға баулу.
Ойын жүрісі: Біз сыпайы сөздер сатылатын дүкенге келдік. Бір жағында алғыс білдіретін
сөздер, екінші жағында амандасу сөздері. Бірақ бүгін олар араласып кетіпті. Бұл жерді ретке
келтіру қажет, яғни орындарына дұрыс қою.
Сахналық көрініс
Әңгімелесу. Неге сыпайы болу керек? Егер сыпайылық жоғалып кетсе, не болады?
Дауыс ырғағы жөнінде түсінік беру. Содан кейін балаларға кезекпен «Жүр, ойнайық!», «Маған
ойыншық бер» деп айту ұсынылады.(ашумен, ренішпен, қуанышпен, сыпайы)
Жағдаятты шешу
Автобус аялдамаға келіп тоқтады. Әсия байқаусызда қасындағы әйелді қағып кетті. Әсия
бірден «сиқырлы сөз» айтып еді, ол адамның қабағы ашылып, түсінушілікпен қарады. Қыз не
деді?
Тәрбиеші қарандашын түсіріп алды. Бұны көрген Әли. «Апай, сіз қарандашыңызды
түсіріп алдыңыз» деді. Ұл қандай қате жіберді? Оны сыпайы деп айтуға бола ма?
«Дұрыс сөйлеу ережелері»
Ертеден бері әр жерде өзің әр түрлі ұстау керек екендігі белгілі. Сол себептен қай жерде
қалай және нені істеуге болатыны-болмайтыны жөнінде ережелер бар. Балаларға өздері ерекше
жерлерде сондай ережелер тізімін құруға ұсынылады. Мысалы. мұздатқыштын ішінде, мыстан
кемпірдің үйінде, таудың үстінде, диван астында т.с.
Қоштасу салты «Достық»
Балалар қолдарын бір-бірінің иықтарына қойып, құшақтасады. Оңға-солға қозғалады.
№8 Сабақ тақырыбы. «Достық»
Мақсаты: балалардың достық туралы түсініктерін кеңейту; олардың бойларында
сүйіспеншілік сезімдерін дамыту; сыйластық қарым-қатынастарға, өзге ұлт тілдерін құрметтеуге
және үйренуге деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кішкентай жүрекшелер, ағаш макеті, жіп орамы, үнтаспа.
Сабақ жүрісі:
Шаттық шеңбері
Психолог:
- «Өзін-өзі тану» бар жақсылық ұясы,
Адалдық пен адамдықтың мұнар атқан аясы.
Кең әлемді шаттық нұрға орайтын,
Ақ жүректің, пәк тілектің саясы.
Балалар хормен қайталайды:
- Әрбір таңның арайын
Қарсы аламыз қуана
Ақ тілектің сарайын
Ашамыз бар адамға
Жаттығу
Психолог:Балалар, біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз? (балалардың жауаптары)
-Күн жылуы не істейді? (балалардың жауаптары)
-Күн жылуы тағы не жылытуы мүмкін? (балалардың жауаптары)
Психолог: Олай болса, жүректерімізді ұстап жылуын сезінейікші (балалар қолдарымен
жүректерін ұстайды). Тыңдандаршы, біздің барлығымыздың жүректеріміз бірдей. Олар барлық
адамдарда бірдей соғады. Кәнекей, жүрек дүрсілін тыңдап көрейікші (осы кезде үнтаспадан
жүректің баяу соққан дүрсілі естіліп, біртіндеп қатты-қатты соғады).
Психолог:
- Енді осы жүректердің жылуын бір-бірімізге алақандарымыз арқылы сыйлайықшы. Біз бәріміз
доспыз, тілегіміз бір. Балалар, достық дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
(балалардың жауаптары)
Психолог:
-Ал қай кезде сендер достарыңның көмегін сезіндіңдер? (балалардың жауаптары)
«Досымның жүрегі» ойыны
Психолог: Балалар, қазір біз сендермен «Досымның жүрегі» деген ойын ойнаймыз.
Шарты: Балалар әр түрлі қөңіл-күйде бейнеленген жүректердің суреттеріне ат қояды. (Жұмсақ,
қайырымды, алтын, мейірімді, жалынды, нәзік, ақылды, сыпайы, таза және т.б.)
Әңгімелесу
Психолог: Балалар, сендердің үстелдерінің үстінде жатқан түрлі-түсті жүректерді қалауларың
бойынша таңдап алыңдар. Сендердің достарың кім екенін және олардың жүректері қандай екенін
айтып беріңдерші? (балалардың жауаптары)
Психолог: Өте жақсы балалар. Сендердің әр қайсыларыңда шын достарың бар екен. Өйткені
сендер өз достарыңның жүректері қандай екенін біліп отырсыңдар. Енді балалар көз алдымызға
елестетейік. Сендер Ресейге саяхатқа барсаңдар өздерің сияқты балаларға орыс тілінде «Бәріміз
дос болайық» деген сөзді қалай айтасыңдар?
Балалар: Давайте будем друзьями.
Психолог: «Әрқашан бейбітшілік болсын» деген сөзді ше?
Балалар: Пусть всегда будет мир!
Психолог:« Мен сені жақсы көремін» деген сөзді ше?
Балалар: Я тебя люблю!
Психолог: Сендер Ұлыбританияға саяхатқа барсаңдар өздерің сияқты балаларға ағылшын тілінде
«Бәріміз дос болайық» деген сөзді қалай айтасыңдар?
Балалар: «Ай вонт ту би е френд»
Психолог : «Әрқашан бейбітшілік болсын» деген сөзді қалай айтасыңдар?
Балалар: «Ай вонт пис»
Психолог: -Ал Францияға саяхатқа барсаңдар, өздерің сияқты балаларға француз тілінде «Бәріміз
дос болайық» деген сөзді қалай айтасыңдар?
Балалар:(Балалардың француз тілінде жауаптары)
Достарыңызбен бөлісу: |