Ордабаева Жанар Бейсенбаевна


«Біз әртүрліміз» әңгімелесу



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата02.10.2019
өлшемі0,69 Mb.
#49087
1   2   3   4
Байланысты:
Ордабаева Ж.Б Қатынасу әлемі


«Біз әртүрліміз» әңгімелесу 

Барлығымыз  ерекше,  қайталанбас  жанбыз.  Адамдар  немен  бір-біріне  ұқсамайды,  немен 

ұқсайды? Әркімнің өз мінезі бар. Қандай? Ал адамдар заттарға, өсімдіктерге, жануарларға ұқсай 

ала ма?  

«Күн мен бұлт» ойыны 

«Күн  бұлтқа  тығылды.  Жаңбыр  жауды,  суық  -  бала  жылайды,  ренжейді.  Аяқ-қолын 

жинап, бүрсіп отыру. Күн жарқырады, ыстық - денесін бос ұстау, күн жайнап тұр, бала күледі. 

«Қандай жануарға, өсімдікке сенің есімін ұқсайды?» ойыны 

Бұл суреттерге қарап, жануарлар мен өсімдіктердің көңілдері неге ұқсайды? Қай өсімдік 

немесе жануар саған ұқсайды?  

«Маған өзімде ұнайды--------------» ойыны 

Жүргізуші  өзінде  не  ұнайтынын  айтып,  қасындағы  көршісіне  береді.  Бала  өз  көршісіне 

беріп, өзінің ұнайтын қылығын, мінезін айтады. Ойын солай жалғаса береді. 

«Достық» туралы өз ойларын сурет арқылы көрсету 

Соңында әр баланың суретін тақтаға іліп, бірге талдау. 

Рефлексия.  Бүгін  өзің  туралы  жаңадан  не  білдіңдер?  Балалармен  қатынасуда  не  сездіңдер? 

(ауызша әр бала өз ойын айтады) 



«Достық эстафетасы» қоштасу сәті 

Қол ұстасып тұрып, бір-біріне қолын қысады.  



Психолог: Мен өз достығымды сендерге беремін, ол менен --,---,---,---, ең соңында қайта өзіме 

оралады (балалар әр қайсысы айтып шығады).  



Психолог: Әрқашан қасымызда достарымыз болсын. 

 

Бұл  бағдарлама  мектепте  2015-2016  оқу  жылы  қолдана  басталды.  Балалар  диагностика 



нәтижелері мен ата-ана, мұғалім сұраныстары негізінде алынды.  Қатысушы балалар саны 2015-

2016 жылы эксперименталды топта 11 бала, бақылдау тобында 9 оқушы болды. 2016-2017 жылы 

12 бала және бақылау тобында 10 бала. 2017-2018 жылы 9 бала және 1 бала өткен жылы қалған 

оқушы, сонымен  10 бала, бақылау тобында 8 оқушы болды. Жүргізілген түзету жұмыстарынан 

кейін  алынған  диагностика  көрсеткіштері  эксперимент  тобындағы  оқушылардың  нәтижелері 

бақылау топ оқушыларынан артықшылығы байқалады. Бұл балалардың мектепке бейімделуінен, 

өздік  бағалау  деңгейінің  көтерілуінен,  топта  өз  орындарын  тауып,  ұжымға  қосылып  кетуінен, 


сонымен қатар сынып жетекшілері мен ата аналар пікірлерін бағдарлама оң нәтиже берді деуге 

болады. Олай болса бұл бағдарламаны кіші мектеп жасындағы оқушылармен жүргізуге болады. 

Оқушыларды зерттеу оқу жылының басында және соңында жүргізіледі.  

Түзету дамыту жұмыстары жоғарыда көрсетілген сабақ жоспары бойынша аптасына 1 рет, 

айына  4  рет  (30  мин.)  шағын  топта  (3-4  бала),  топта  (5-10  бала)  жүргізіледі.  Сабақтар 

нәтижесінде  балалардың  көңілдері  өзгелердің  сезімдері  мен  қалауына  аударылады.  Балалар 

жауаптары  ушықтыруға  емес,  қарсыласын  ренжітпей,  әңгімелесуге  бағытталады.  Әдістерді 

сабақта қолдану баланың қатысымдық өрісін түзетуге, дамытуға мүмкіндік бередіСабақтар бір-

бірімен  байланысты  ойын  жағдайларынан,  жаттығулардан,  тапсырмалардан  жинақталып,  алға 

қойылған психологиялық түзету мақсаттарды шешуге көзделіп құрылған.  



 

 

Кесте №3 



Өздік бағалау көрсеткіштері 

№ 

Жылдар 

Эксперимент тобы 

Бақылау тобы 

Жылдың басы 

Жылдың соңы  Жылдың басы 

Жылдың соңы 

2015-2016 



11 



2016-2017 



12 

10 



2017-2018 



10 



 

Кесте №4 



Оқушының сыныпта алатын орнын анықтау. Социометрия 

№ 

Жылдар 

Эксперимент тобы 

Бақылау тобы 

Жылдың басы 

«Екі үй» 

Жылдың соңы 

Дж.Морено 

Жылдың басы 

«Екі үй» 

Жылдың соңы 

Дж.Морено 

2015-2016 



3 оқушы 

0 оқушы 


4 оқушы 

2 оқушы 


2015-2016 

3 оқушы 

0 оқушы 


3 оқушы 

1 оқушы 


2016-2017 

2 оқушы 

3 оқушы 



1 оқушы 

 

Кесте №5 

Өздік бағалау көрсеткіштері 

2016-2017 жыл 

 

 

Кесте №6 

Бейімделу кезіндегі оқушылардың қобалжу деңгейінің төмендеуі 

№ 

Жылдар 

Жоғары 

Орташа 

Төмен 

2015-2016 



11.3% 

26.5% 


62.2% 

2016-2017 



7.5% 

37.9% 


54.6% 

2017-2018 



5% 

23.5% 


71.5% 

 

Оқушылармен  жүргізілген  түзету  жұмыстары  нәтижесінде  2015-2016  оқу  жылдарымен 



салыстыра  келе  оқушылардың  жалпы  сынып  бойынша  қобалжу  деңгейлерінің  төмендеуі 

байқалды.  

 

Кесте №7 

1-ші сынып оқушыларының мектепке бейімделудің оң көрсеткіш динамикасы 

№ 

Жылдар  

Бастапқы диагностика  

Соңғы диагностика 

2015-2016 



88.7% 

100% 


2016-2017 

64% 

100% 


2017-2018 

67% 

100% 


 

Қорытынды 

Балалар  арасындағы  қатысымдық  өріс  сипаты  мен  ахуалы  баланың  тек  психикасына 

немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол баланың оқу-тәрбие істерінде де 

елеулі  орын  алады.  Сондықтан  балалардың  қарым-қатынасындағы  мәселе  -  бүкіл  қоғам 

алдындағы  негізгі  міндеттер  болып  қала  бермек.  Баланың  жастайынан  айналасындағылармен 

қатынас  жасауы  өзінің  кім  екенін  танып,  өзін  өзгелерден  ажырата  алудың,  өзін  басқалармен 

салыстыру  арқылы  басқа  адамдағы  қасиеттерді  менгерудің  балалардың  әлеуметтік  мінез-құлқы 

мен  жеке  басының  дамуының  негізгі  тірегі  деп  қарастырсақ,  онда  олардың  қарым-қатынас 

жасауын  жақсарту  аса  қажет  болып  табылады.  Балалардың  арасындағы  қарым-қатынасты 

жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып,тәрбиеленуін қамтамасыз ету  маңыздылығы 

ешқашан  төмендемеген.  Сол  себептен  топтарда,  сыныптарда  туындайтын  қарым-қатынас 


жасауда  қиыншылыктары  бар  балаларды  анықтап,  оларға  дер  кезінде  көмектесу  -  қазіргі 

балабақша, мектеп, қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі.  Психологиялық түзету әдістемелік 

құралы  өмір  қажеттілігінен  туындаған.  Себебі  балалық  шақтан  бастап  өзгелермен  тіл  тауып, 

қарым-қатынасын  реттей  алмаған  бала  есейгенде  де  өзгелерден  шектетіліп  жүретін  болады. 

Өзіне  сенімін  жоғалтып,  қатынастарын  құруда  қиындық  көретіні  анық.  Психокоррекциялық 

сабақтары  балаларды  қиындықтарын  жеңе  білуге,  айналасындағылармен  қатынасқа  түсуге 

үйретеді,  тілін,  зейінін,  ойлау  мен  есін  дамытады.  Өзін  де,  өзгені  де  түсіну,  сыйлау,  сену 

дағдыларын  қалыптастырады.  Психологиялық  түзету  бағдарламасының  өзектілігі  жоғары 

аталған  мәселелерді  дұрыс  жолға  қою  арқылы  балабақша  мен  мектеп  тәжірибесіне  көмектесу 

керектігінен  туындайды.  Балалар  арасындағы  олардың  өзара  қарым-қатынас  ерекшеліктері 

бойынша  педагогикалық  іс-әрекетті  ұйымдастырылу  жақтарына  баса  назар  аудару  керек. 

Ұсынылған  бағдарламаның  басқа  құралдардан  ерекшелігі  балалардың  қатынасында  жағымды-

өздік қатысуды, бала тұлғасының қатысымдық қасиеттерінің қалыптасуын түзету мен дамытуды 

жоспарлау жүйесін ұсынады. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  басты  ерекшелігі  -  оның  ұжымдық  сипатта 

болатындығы.  Әрине,  жеті  сегіз  жасар  балалардың  ойын  ұжымы  әлде  де  тұрақсыз  болады. 

Өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге әлі де жөнді дағдыланбаған. Ойынның ұжымдық сипаты өз 

тарапынан  жоғарыда  аталған  ұйымдардың  жұмыстары  нәтижелі  болуына  септігін  тигізеді. 

Ұжымдық  ойындарда  бала  жолдастықтың  мәні  неде  екенін  түсіне  бастайды.  Өзінің  басындағы 

мінез құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б) 

ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың 

қабілеттері  жақсы  жетіле  бастайды.  Кішкентай  кезінен  тіл  табысуға,  өзгенің  пікірін  сыйлай 

білуге,  өз  ойын  еркін  жеткізе  алуға,  мейірімділікке,  ұйымшылдыққа  тәрбиеленген  бала 

адамгершілігі мол азамат болып шықпақ.  

Егер  біз  мектепке  дейінгі  және  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  қатысымдық  өрісін 

зерттеп, оны дамыта білсек, онда балаға өз ортасына жеңіл бейімделуіне және жан жақты тұлға 

ретінде  дамуына  оң  ықпал  етеді  деген  болжамымызға  көз  жеткізе  алдым.  Олай  болса  бұл 

бағдарламаны қолдануға ұсыныс беруге болады. 

Пайдаланылған әдебеиеттер тізімі 

1.  Детская  практическая  психология:  Учебник/под  ред.  Проф.  Т.Д.  Марцинковской.  -М.: 

Гардарики, 2000 

2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. Книга 2 Центр Владос, 2001. 

3. Самоукина Н.В. Игровые методы в обучении и воспитании (коррекционные упражнения). 

4. Кряжева Н.Л. Развитие эмоционального мира детей. Ярославль, 1996. 

5. Новикова Л.М. Настольная книга школьного психолога. Издательство «Эксмо», 2009. 

6. Рабочая книга школьного психолога. Под.ред. И.В.Дубровиной. М., 1991. 

7. Мухина В.С. Детская психология. М., 1985. 

8.  Диагностика  и  коррекция  психического  развития  дошкольника.  Под.ред.  Коломинского  Я.  И 

Панько Е. Минск, 1997. 

9.  Алямовская  В.Г.,  Петрова  С.Я.  Предупреждение  психоэмоционального  напряжения  у  детей 

дошкольного возраста. –М.: ООО «Издательство Скрипторий 2000», 2002. 

10. Абрамова Г.С. Возрастная психология. –М.: Екатеринбург. Деловая книга, 2000. 

11. Яковлева Н.Я. Психологическая помощь дошкольнику.-СПб.: «Валерия СПб», 2001.  

12.  Дубровина  В.,  Андреева  А.Д.,  Данилова  Е.Е.,  Вохмянина  Т.В.  Психокоррекционная  и 

развивающая работа с детьми.-М.: «Академия», 1998. 

13. 


Бурменская  Г.В.,  Карабанова  О.А.,  Шедере  А.Г.  Возрастно-психологическое 

консультирование. Проблемы психологического развития детей.-М.:Издательство МГУ, 1990. 

14. Широкова Г.А., Надько Б.Г. Практикум для детского психолога. - Ростов н/ Дону «Феникс», 

2004. 


15.  Овчарова  Р.В.  Справочная  книга  школьного  психолога.  2-е  издание,  дораб.-М.: 

«Просвещение», 1996. 

16.  Капранова  С.В.  Путешествие  с  волшебной  кисточкой:  программа  развивающе-

коррекционной работы с детьми дошкольного возраста. Ростов н/Д, 1997. 

17. Карабанова О.А. Игра в коррекции психического развития ребенка. -М., 1997. 


18.  Лебеденко  Е.Н.  Развитие  самопознания  и  индивидуальности.  Выпуск  1  «Какой  Я?» 

Метод.руководство.-М.: Прометей; 2003. 

19.  Абтикалыков  Н.Б.  Педагогикалық  пәндерді  оқытуда  инновациялық  технологияларды 

пайдалану., Қызылорда, 2012 жыл. 

20.  Бақраденова  А.Б.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ауызша  сөйлеу  тілін  дамыту.  Оқу-

әдістемелік құрал. – Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012. - 153 б.  

21. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық.  

22. Бейсекеева Б.О «Қарапайым қолданбалы психология». Оқу әдістемелік құрал 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет