Байланысты: Инклюзивті (интеграцияланған) оқытудың пайда болу тарихы мен әлемдік тәжірибесі
Интеграцияның заманауи түрі шетелде тек ХХ ғ. екінші жартысында пайда болды.
ХХ ғ. технологиялық және ақпараттық революция 70-ж. либеральдық-демократиялық
реформамен бірлесіп экономикалық өрлеуге септігін тигізді, әрі педагогикаға да еніп
гуманистік идеяларды, инновациялық теориялар мен технологияларды, оның ішінде
теории и практики оқытудың интерактивтік және экологиялық жолдарының теориясы мен
практикасын енгізуді жүзеге асырды.
Интеграциялық үдерістерді дамытудың түбегейлі қолға алынуында скандинавия
елдері ұсынған «нормализация» концепциясы маңызд роль атқарды (Н.Э.Бенк-
Миккельсен – 1959; Б.Нирье – 1968), әлеуметтік саясаттың мүмкіндігі шектеулі адамдарға
қатысты заңды бекітілген позияциясының негізі - халықаралық құқықтық актілерге
сәйкес мүгедектердің әлеуметтік өмір жағдайларын жақсарту (нормализация) («Адам
құқығы туралы декларация» және т.б.). Нормализацияның құрылымдық бөліктерінің бірі
интеграцияланған (инклюзивті) білім беру болды.
Европаның, АҚШ-ң, Жапонияның дамыған елдеріндегі экономикалық,
технологиялық және ақпараттық мүмкіндіктер инклюзитік білім беруге мүмкіндік жасады,
бұрыннан бар арнайы білім беру жүйесімен параллельді түрде жалпы білім беру
жүйесінде де бұл үдеріс жүзеге асты, сондай-ақ, қалалық инфрақұрылымды мүмкіндігі
шектеулі жандар үшін барынша қолжетімді етуге, ақпараттық және басқа да кедергілерді
жоюға, әлеуметтік өмірге араласудағы кедергілерді азайтуға күш салды.