Ордабекова Аружан хб-32



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі19,35 Kb.
#122138
  1   2   3   4
Байланысты:
Инклюзивті (интеграцияланған) оқытудың пайда болу тарихы мен әлемдік тәжірибесі


Ордабекова Аружан ХБ-32

Инклюзивті (интеграцияланған) оқытудың пайда болу тарихы мен әлемдік тәжірибесі


Сұрақтар:
1. Европада, АҚШ, Азия елдеріндегі интеграция мен инклюзивті білім берудің пайда болу тарихы.
2. КСРО-дағы интеграция мен инклюзивті білім берудің пайда болу тарихы.
3. Интеграция үдерісін сәтті енгізудің әлемдік тәжірибелері.
4. «Псевдоинтграция» ұғымы нені білдіреді?

1. XVII ғ. швейцариялық математик Я.Бернулли (1654-1705) математика ғылымында


«интеграл» терминін енгізеді. Кейінгі үш жүзжылдықта интеграциялау термині біртіндеп
ғылымның басқа салаларына да ене бастайды: алдымен философияға, кейінірек
психологияға, әлеуметтануға, соңынан педагогикаға енеді. «Интеграция» термині
латынның integrare – толтыру, қалпына келтіру және integer- толтырылған, қалпына
келтірілген деген мағынаны білдіреді.
Педагогикада «әлеуметтік интеграция» термині ХХ ғ. пайда болды және алдымен
АҚШ-та тек нәсілдік, этникалық аз халықтар мәселесінде, кейінгі онжылдықтарда
эмигранттардың балаларына қатысты қолданылды. ХХ ғ. 60-ж. Европа континентінде
мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) қатысты қолданыла бастады.
Педагогика тарихында Европалық білім беру тәжірибесіне бірге оқыту феномені
(«интеграция» емес нақ осылай аталған) деген педагогикалық идеяны енгізген педагог
И.Г.Песталоцци (1746-1827) болды. Көру, есту, зият кемістігі бар балаларды сау
балалармен бірге оқыту идеясы XIX ғ. бірінші жартысында европалық мұғалімдердің
ойын жайлаған идея болды (Франция, Германия, Австрия т.б.). Бірге оқытудың
ыңғайлылығы мен тиімділігін дәлелдеу үшін прогресшіл педагогикалық қоғам бірқатар
дәйекті деректерді келтіреді: дамуында бұзылуы бар балаларды оқыту мүмкіндігінің
шеңбері анағұрлым кеейеді, көбірек бала қамтылатын болады, себебі кейбір сенсорлық
кемістігі бар балалар үшін ашылған арнайы мекемелер саны өте аз; мектеп-интернатта
оқитын баланың ата-анасының оқу-тәрбие ісіне қатысы азаяды, сондықтан ата-аналарды
белсенділендіруге мүміндік береді (В.А.Егер); дамуы ауытқуы бар баларды оқыту мен
тәрбиелеуде қолданылатын кейбір тиімді әдістер ментәсілдерді, құрал-жабдықтарды
пайдаланудың сырын көпке мәлім ету, себебі бұл кейбір жағдайларда отбасының,
өндіруші фирманың немесе арнайы мекеменің ғана құзіреті жететін жайлар болуы мүмкін.
Дамуында ауытқуы бар балаларды халықтық мектептерде оқыту баланы қоршаған
ортамен қарым-қатынас орнатуға жаттықтыру ретінде қарастырылды, себебі, мектепте
болсын, мектепті бітірген соң болсын қоршаған орта шындығымен баланың түбінде бір
бетпе-бет келетіні белгілі. Мұғалімдер семинарияларының жетекшілері халықтық
мектептердегі мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттыруда, әдістемелік даярлығын
жоғарылатуда даму ауытқуы бар балаларды оқытуда қолданылатын арнайы
технологияларды меңгеруді де есепке алды. Мысалы, неміс педагогы Фридрих
Х.К.Шварц 1829 ж. өзінің «Үш томдық тәрбие теориясы» атты еңбегінде былай деп
жазады: «Саңырау және соқыр балаларға арналған өте жақсы білім беру мекемелері бар,
енді келешекте халықтық мектептерді де осы мектептердің жетістіктерімен толықтыру
маңызды қадам болып табылады, әрі бұл халықтық мектептердің әдістемелік қазынасын
байыта түседі».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет