3. Интеграцияға беталыс қазіргі кездегі халықаралық өмірге тән құбылыстардың біріне айналып келеді. Әлемдік шаруашылық байланыстардың жаһандануы жағдайында интеграцияның мазмұндылығы одан сайын түрлене түсуде. Интеграцияның терең негіздерін және алуан түрлі қасиеттерін айқындау үшін осы терминнің түбіріне көңіл аудару керек. Интеграция латынның «Integratio» сөзінен туындайды, оның аудармасы бөлшектелген бөліктердің бірігуі деген мағынаны береді. Бұл түсінік қоғамдық өмірдің әр алуан сфераларында қолданылады, сәйкесінше, әрбір жағдайда оның мағынасы да әр алуан болып келеді, жалпы алғанда, интеграция дегеніміз бөлшектелген бөліктердің бірігуі.
Егер де экономикалық әдебиеттердегі талдауға назар аударсақ, мынаны атап өтуге болады, яғни бүгінгі таңда экономикалық ғылымның көптеген мәселелері өз шешімін таппай отыр. Оларға интеграция түсінігі және онымен өзара байланысқан әлемдік шаруашылық өмірдің жаһандануы мен интернационализациялануы сияқты құбылыстар жатады. Бұл мәселелер отандық қана емес, сонымен бірге әлемдік экономикалық әдебиеттерде де негізгі орынды алады. Бірақ та, жаһандану, интернационализациялану және интеграция түсініктері әлемдік экономикаға қатысты әр қалай түсіндіріледі. Сонымен қатар, мемлекеттердің ұлттық экономикаларының және бүкіл әлемдік қауымдастықтың дамуына осы аталған үрдістердің ықпалын бағалаушы ортақ көзқарас әлі де жоқ.
Халықаралық экономикалық интеграцияның туындауы мен дамуын И.Кант, А.Сен-Симон, Ж.Ж.Руссо, Ж.Прудон сияқты атақты ойшылдар көре білген. Мысалы, 200 жыл бұрын-ақ И.Кант халықтар арасындағы өзара қарым-қатынастардың мынандай жүйесінің күшеюін болжаған, ол жүйеде қауіпсіздік мәселесі барлық адамдардың «әрқайсының мүдделері үшін тұтастықты сақтау қажеттілігін» түсінуі есебінен шешілетін болады. И.Кант «халықтар одағы» идеясын негіздеп, әлемдік құрылымның абсолюттік жаңа моделін ұсынды және осы жағдайда интернационализациялану үрдісі және ұлттық мемлекетті сақтау үрдісі арасындағы сөзсіз туындайтын қарама-қайшылықты атап көрсетті. Осылайша, бұл қарама-қайшылықты шешу адамзаттың ақырындап эволюциялануы нәтижесінде мүмкін болады: абсолюттік әр түрлі, жекелеген қоғамдардан планеталық көлемдегі біртұтас азаматтық қоғамға айналуы.
Ғаламдық мағынада, осы тектес идеяларды болжай отырып, хх ғасырдың ортасында интеграцияның маңызды аспектілерін негіздеуге А.Мюллер-Армак, В.Репке, Дж.Вайнер, Л.Тинберген, Ф.Перру, Дж.Мид, Р.Фриш, П.Стритен, А.Стритен және тағы басқа экономистер едәуір үлес қосты. Олар бірте-бірте толыққанды интеграцияның тиімділігін дәлелдей отырып, қазіргі кездегі интеграциялық бірлестіктердің қалыптасуына ықпал етті.
Бүкіләлемдік шаруашылықтың біртұтас қағидалары мен ережелерінің таратылу қажеттілігін болжай отырып, интеграцияның қалыптасуында мемлекеттің рөлінің күшеюімен, парасатты экономикалық саясаттың жүргізілуі маңызды рөль атқарады деп білді. Сәйкесінше, Э.Хаос, М.Бийе, А.Филипп, А.Маршалл, Р.Сменд, В.Хупер интеграцияның мәнісін елдер арасындағы экономикалық және заңнамалық шаралардың келісілуінен және ұлт үстінен қараушы органдар көмегімен бірлескен экономикалық саясаттың жүзеге асырылуынан көреді. Атап айтсақ, швед экономисті Г. Мюрдаль интеграция туралы былай деп жазды: «Экономикалық интеграция негізінде басты мәселелер экономикалық болмауы мүмкін, онда саяси, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық мәселелер орын алуы мүмкін. Мүмкіндіктердің бірте-бірте теңесуіне қол жеткізу, еркіндікпен нормалардың теңестірілу нәтижесінде әлеуметтік біртұтас қоғамның пайда болуын болжайды. Бұл қоғамда байланыстардың дамуы мен қолайлы ынтымақтастық болуы тиіс».
Осының барлығын қорыта келе мынаны атап өту керек, яғни интеграция теориясының даму тарихын ескермеу мүмкін емес. Осының барлығы интеграцияның эволюциялық дамуын көрсетеді.
4. Мәжбүрлі интеграция (псевдоинтеграция), оның себептері: арнайы (түзету) білім беру мекемелерінің болмауы; олардың бала мен оның отбасының тұрғылықты жерінен қашықтығы; ата-аналардың баланы арнайы мекемеде оқытқысы келмеуі; бұқаралық мектепте тиісті инфрақұрылымды бір уақытта құрмай білім беруді басқару органдарының ерікті шешімі.