Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе



бет10/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

Кесте 2. Таңба типтері
Иконды таңба таңба мен таңбалаушының өзара ұқсас қасиеттері
арқылысәйкесетінкөшірме таңбалар ретінде танылады. Иконды таңбалар
қатарына химиялық, физикалық, математикалық формулалар, кестелер,
фигуралар, сызбалар т.б. айталық, сіз қай ұлттың өкілі болсаңыз да, берілген
формулар, сызбалар арқылы беріліп тұрған ақпартты бірден түсінесіз.
Мәселен, H2SO4 немесе белгілі бір мекемеге кірер кезде орнатылған →
(шығу), ← (кіру) белгілері.
ТАҢБА
Индекс
Икон
Символ


21
Индекс таңбалар таңбалаушы мен таңбалаушының уақыт пен кеңістіктегі


орналасуы жағынан өзара үйлесуін танытатын таңба саналады. Мұндай таңба
түріне қардағы аңның ізін, құмдағы адамның ізін, адам ауырғандағы
симпомдық белгілер, түтін т.б.
Символ таңбаларды өзге этнос өкілдеріне ондағы берілетін ақпарат
түсініксіз болады, себебі мұндай таңбаларды сол қоғамдық ортаға ғана
түсінікті. Күрделі символдық таңба ретінде сөз немесе тұрақты сөз тіркесіне
талдау
жасайық.
Н.Уәли
ашішектей 
созылу
тұрақты
тіркесінің
фразеологиялық мағынасын «ұзаққа созылған, бас-аяғы көрінбейтін, адамды
ығыр қылатын баяу іс-әрекет» ретінде бере отырып, фразеологиялық мағына
ақиқат дүниедегі денотаттық ситуацияның тілдік ұжымның санасында
фреймдік құрылым ретінде қалыптасуымен байланыстырады. Тілдік санада
қалыптасқан фразеологиялық бірліктің құрылымын Н.Уәли былайша
түсіндіріп береді: «жаңа сойылған малдың ішек-қарны тазаланады, әсіресе, аш
ішек ұзын, жіңішкелеу болғандықтан, ши жүгіртіп, сумен шаю ұзаққа
созылып, баяу орындалады». Н.Уәлидің көрсетуінше, дәл осы жағдаят
«ұзақтық, баяулық» ұғымдық белгілері екіншілік номинацияның жасалуына
негіз болып тұр (3,17).
Тілдегі таңбалық бірліктер халықтың дүниетанымы мен болмысынан, рухани
мәдениеті мен сол халық тіршілігінен, өмір сүрген ортасынан, менталитетінен,
психологиясы мен әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат береді. Мәселен,
қазақ және орыс тілдерінде «бас – голова» лексемасымен келген
фразеологиялық тіркестер «бас – жоғары әлем бөлігі, негізгі бөлігі» деген
таңбалық белгісі негізінде бас құда, бас бәйге, бас тоғыз, бас маман, бас 
жүлде, бас мақала, бас әріп; в первую голову, главный специалист; «бас – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет