Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе



бет12/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

Әдебиеттер
1 Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. ‒Алматы, 1975.
2 Бодуэн де Куртенэ. Избранные труды по общему языкознанию. –Москва,
1963.
3 Уәли Н. Фразеология және тілдік норма. – Алматы, 1998.
Тапсырма: 
Тілдің әлеуметтік сипатын нақты тіл деректері негізінде дәлелдеңіз.
Қоғамның дамуы ̶ тіл дамуының негізгі стимулы екендігін дәйектеңіз.
Тіл–қоғамдық құбылыс тұжырымын тіл фактілері негізінде дәйектеңіз.
Тілдің дамуына әсер ететін ішкі лингвистикалық факторларды сипаттаңыз.
Тілдің дамуына әсер ететін сыртқы лингвистикалық факторларды сипаттаңыз.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 


Тілдің таңбалық сипаты, негізгі және жасанды таңбалар.
Тілдің қоғамда атқаратын негізгі және қосымша қызметтері.
Шартты және тілдік таңбалар, олардың қызметі мен өзіндік белгілері.


24
Тілдің қоғамда атқаратын негізгі және қосымша қызметтерін сипаттаңыз.


Тіл біліміндегі натуралистік және психологиялық бағыттың тұжырымдары.
Тіл және сөйлеу тілінің өзара байланысын, өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
Тілдің коммуникативті, сигнификативті және кумулятивті қызметін нақты тіл
фактілері негізінде дәйектеңіз.


1.3 Әлеуметтік тіл білімі және оның зерттеу нысаны 

Жоспар: 
1 Әлеуметтік лингвистика және оның зерттеунысаны.
2Қазақ тіл білімі: әлеуметтік тіл білімінің қалыптасуы.
3 Әлеуметтік тіл білімінің негізгі базалық ұғымдары.
4Жасанды тілдер және олардың түзілуі мен қолданысы.

1 Әлеуметтік лингвистика және оның зерттеунысаны.Адамзат
баласының тілдік қатынас жасау барысында әлеуметтік ортаның ықпалы өте
үлкен. Олай дейтін себебіміз, әр адам баласының сөйлеу әрекетінде оның жас
ерекшелігі, білім деңгейі, мәдени ұстанымы, жыныстық ерекшелігі, сөйлеу
жағдаяттары үлкен роль атқарады. Тілдің табиғаты, қоғамдық және әлеуметтік
сипаты, тіл және қоғам, тіл және ойлау, тіл және сөйлеу, тіл және мәдениет, тіл
антиномиясы, тілдің дамуы, қостілділік, мемлекеттік тіл, тілдік қатынастар, тіл
саясаты – әлеуметтік лингвистиканың зерттеу мәселелерінен саналады.
Әлеуметтік лингвистика ‒ тіл білімі және әлеуметтік психология,
этнографияғылымдарының тоғысында қалыптасқан тіл білімінің саласы.
Әлеуметтік лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны ̶ тілді функционалды
аспект тұрғысынан зерттеу, тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік қызметі,
тілдің қарым-қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті
диалектілер, койне, пиджин тілі); тілдің әлеуметтік сипаты (жаргон, арго,
кәсіби тіл, билингвизм, диглоссия, мультилингвизм процестері); қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық факторлардың тілге ықпалы. Сондай-ақ, әлеуметтік
лингвистика тілдің өмір сүру формасынан туындайтын тілдік жағдаят
мәселесін, тіл мен мәдениеттің байланысын, тілдік саясат мәселесін
қарастырады. Түрлі сөйлеу жағдаяттарына байланысты (үйде, кеңседе,
жұмыста, емханада, жиналыста, мектепте, базарда, дүкенде, көшеде т.б.)
сөйлеу тілі де құбылмалы болып отырады. Сөйлеу тіліндегі барлық тілдік
ерекшеліктерді қарастыру әлеуметтік лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны


25
болып табылады. Әлемдік лингвистикада әлеуметтік тіл білімінің қалыптасуы


1960-1970 жылдары Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Америка
мемлекеттеріндегі тіл саясаты мен тілдік жоспарлау мәселесіне көңіл
аударумен байланысты қалыптасқан деуге болады. 1960-1970 жылдары тіл
саясаты мен оның практикалық мәселелерін қазіргі қоғам талабына сай
шешудің өзектілігі, қоғамдық құбылыс ретінде тіл табиғатын тереңірек зерттеу
мақсатына байланысты тілдің әлеуметтік мәселелеріне қызығушылықты
арттырғаны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет