Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


Фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін, яғни жасалу жолдары мен естілуін зерттейтін тіл білімінің саласы. Фонология



бет110/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

Фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін, яғни жасалу жолдары мен естілуін
зерттейтін тіл білімінің саласы.
Фонология – тіл дыбыстарын атқаратын қызметіне қарай зерттейтін тіл
білімінің саласы. Фонологияның фонетикадан ерекшілігі осында. Фонетика
дыбыстық жүйені акустика-артикуляциялық белгілеріне қарай зерттесе,
фонетиканың басты зерттеу нысаны – фонема, яғни дыбыстың сөздегі қызметі.
Фоносемантика – көлемдік және мезгілдік тұрғыдан тілдің бейнелеуіштік
жүйесін зерттейтін сала.
Фузия – көрші морфемалардың морфонологиялық жағынан бір-бірімен сіңсіуі,
кірігіп кетуі.
Флексия – жалғау арқылы немесе сөз ішіндегі дыбыстардың өзгеруі арқылы
сөз формаларын түрлендіру тәсілі.
Функционалды-семантикалық өріс – семантикалық категориялар негізінде
әртүрлі деңгейдегі өзара әрекеттес тілдік құралдардың функцияларының
ортақтығына байланысты қалыптасқан жүйе.
Функционалдық лингвистика – структуралды лингвистиканың бір тарауы
ретінде пайда болған мектеп пен бағыттардың жиынтығы, негізінен тілдің
қарым-қатынастық қызметін қарастырады. Функционалды лингвистиканың
негізгі принципі – тілді сөйлеу құралының мақсатты жүйесі деп тану.

160
Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар 


Қазіргі заманғы оқытудың негізі студенттің танымдық іс-әрекеттің
әдістерін белсенді игеруі, жеке, тұлға білім берудің мәнін терең түсінуі және
өздік дамуды қамтамасыз ететіндей болуы керек. Сондықтан білім беру
үдерісінде түрлі оқыту технологиялары қолданылып жатыр.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-технологиялық
бағыттағы ой-тұжырымдамалары төмендегідей сипатталады:
- есте сақтауға негізделген білім, яғни осы кезеңге дейін меңгерілген тілдік
білімді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын танымдық оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық
жүйесіне көшу.

Конспект ‒ белгілі бір мәселе жайлы қысқаша жазылған жазбаша мәтін.
Конспект ‒ тақырыптың қысқаша мазмұны. Ол қысқаша формада
жазылғанымен, онда тек негізгі ақпараттар ғана қамтылады. Өйткені конспект
көлемі түпнұсқадан үш есе аз болуы керек деп саналады.
Конспект жазу ‒ белгілі бір ақпараттың ұзақ уақыт бойы жадта сақталуына
негізделеді. Студенттер білім алу үшін оқиды, алған білімді санада ұзақ уақыт
бойы сақтау үшін қабылданған тілдік білімді, ғылыми мазмұнды түсінулері,
меңгерулері қажет, конспект сол тұрғыдан студенттерге көмектеседі. Сондай-
ақ, конспект жазу ‒ аралық бақылау немесе емтихан тапсырудың дайындық
формасы. Жазылған конспект бойынша сабақта өтілген материалдарды
қайталау жеңілдейді. Өйткені конспект мазмұны термин сөздер, тірек сөздер,
негізгі принциптер мен ережелерді, тілдік нормаларды қамтиды. Студент
конспект бойынша емтиханға, аралық бақылауға дайындалу үстінде оның
жадындағы ақпараттар актуалдана түседі.
Конспект жазу негізінде емтихан материалдарына дайындалу біршама
жеңілдей түседі. Егер студент конспектіні өзі жазып, берілген ақпараттармен
танысқан болса, лингвистикалық және ғылыми әдебиеттердегі негізгі
ақпаратты көмекші материалдардан ажыратып қарай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет