157
Дыбысқа еліктеу теориясы (ономатопоэтикалық теория) – тілдің шығуы
туралы теориялардың бірі. Бұл теория бойынша, тіл адамның табиғи дыбыстық
және дыбыстық емес белгілерге еліктеуінен туған.
Диссимиляция – ассимиляцияға қарама-қарсыкомбинаторлық өзгерістің бір
түрі. Сөз ішінде қатар келген ұқсас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде
өзге дыбысқа айналуы.
Диалектология – белгілі бір тілдегі диалектілер
мен говорлардың қазіргі
қалпын, тарихын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Диалект – біртұтас жүйенің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық)
ерекшелігімен сипатталатын тілдің территориялық немесе әлеуметтік бір түрі.
Диалектологиялық атлас - тілді лингвистикалық
география әдісімен
зерттеу нәтижесінде жасалған карталар жиынтығы. ХХ ғ. ІІ-жарт. «Жалпы
славян тілдерінің атласын», «Еуропа лингвистикалық атласын», «КСРО-дағы
түркі тілдерінің диалектологиялық атласын» жасау жұмысы басталып,
алғашқы түрлері жарық көрді.
Диалектологиялық карта – белгілі
бір тілдің говорлары мен
диалектілерінің, жеке диалектілік құбылыстардың таралу сипаты белгіленіп
көрсетілетін карта.
Ежелгі грек тіл білімі – Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Европа
тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді.
Ежелгі грек тіл
білімі филологиялық және философиялық кезеңге бөлінеді.
Екпін – сөз ішіндегі бір буынның айтылуда күшті, көтеріңкі естілуі.
Достарыңызбен бөлісу: