31
енгізілген болатын. Енді сол фонетикалық ұғымдар мен атауларға жеке-жеке
тоқталып өтсек:
Жасалым фонетика ‒дыбыстың жасалу жолдарын қарастырады, яғни
қандай да бір дыбысты жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің орны
көрсетіліп, сол сөйлеу мүшелерінің өзара қиысу жолдары (тоғысыңқы,
жуысыңқы, діріл, жанама) сипатталады.
Айтылым фонетика ‒дыбыстың нақты болмысын анықтайтын
фонетиканың бір саласы, яғни ауыз қуысындағы резонаторлар жүйесінің
қалпы аталып (ауыз қуысты,
көмей қуысты, жанама қуысты), сөйлеу
мүшелерінің өзара қиысу күші (лепті тоғысыңқы, босаң тоғысыңқы, бос
тоғысыңқы) анықталады.
Естілім фонетика ‒дыбыстың естілу сипатын қарастырады, яғни тіл
дыбыстарының түйсінім түрі (қатаң, ұяң, үнді) және естілім қарқыны (күшті
лепті, босаң лепті, бос лепті) анықталады.
Үндесім фонетика ‒ дыбыстың үндестік
сипатын анықтайтын фонетика
саласы, мұнда тіл дыбыстарының әуез жүйесі, жасалым белгісі, айтылым
белгісі және естілім белгісі қарастырылады (1, 57).
Функционалды фонетика‒тіл дыбыстарының
адамдардың тілдік қатынас
жасау процесіндегі әлеуметтік жақтарын зерттейді. Тілде кез келген дыбыс
айтылым, жасалым және естілім аспектісі тұрғысынан талданады. Мәселен, б
дауыссыз дыбысының үндесім түрлерін қарастырайық.
Шыбын, бала жуан
езулік түрінде б дауыссыз дыбысының
жасалымы былайша сипатталады: қос
ерін өзара жымдасып тоғысады, ерінді, тербеліңкі, езулік;
айтылымы:
тоғысым күшіне
қарай босаң тоғысыңқы, ауыз қуысы мен көмей қуысы
қосылып кетеді;
естілімі: қос еріннің тоғысымы босаң леппен аяқталады,
дауыссыз ызың дыбысталады, үн
қатысына қарай ұяң, әуез қатысына қарай
жуан және езу әуезді дыбыс. Лингвистикада тіл дыбыстарының әлеуметтік
сипаты негізге алынады.
Қазақ тілінің дыбыстары дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
Қазақ тілі жүйесіне тән төл дауысты дыбыстар саны ‒ 9. Олар: а, ә, ы, і, е, ұ, ү,
о, ө. Дауысты дыбыстар қатарынан саналатын и, у, я, ю кірме әріптері арқылы
қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар мен үнді й, у дауыссыздарының тіркесімі
белгіленеді. Қазақ тілінің дауысты дыбыстарына тән айырым белгілері ретінде
мыналарды көрсетуге болады:
- дауысты
дыбыстар буын құрайды;
- дауысты дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі толық тербеледі;
-дауысты дыбыстарды айтқанда өкпеден шығатын ауа ауыз қуысында
кедергіге ұшырамайды.
32
Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р,
с, т, у, ф, х, ц, ч, ш. Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстар жүйесіне тән айырым
белгілері ретінде мыналарды көрсетуге болады:
- дауыссыз дыбыстар буын құрамайды;
- дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі кем тербеледі немесе мүлде
тербелмейді;
- дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден
шыққан ауа ауыз қуысында
дыбыстау мүшелерінің бірінің кедергісіне ұшырап шығады.
Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстарының әрқайсысының өзіне
тән жасалым, айтылым және естілім белгілері арқылы ерекшеленеді. Мәселен,
дауыссыз дыбыстардың жасалымы ‒жасалу орны, жасалу тәсілі, дауыс
қатысы; айтылымы ‒тоғысым-жуысым күші, ауыз бен көмей қуысының өзара
қатынасы; естілімі ‒тоғысым-жуысым қарқыны, үннің қатысы арқылы
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: