4. Оқу материалын тақырыптық блок бойынша дайындау
5. Коррекциялық жұмыс
6. Элементтік талдау
Фонетика
Дыбыстар мен әріптер. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Буын. Тасымал. Екпін. Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі.
Лексика
Қанатты сөздер. Тұрақты тіркестер.
Морфология
Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік. Етістік шақтары, райлары, етіс түрлері, Етістік бойынша тест. Үстеу. Одағай. Шылау. Еліктеу сөздер. Модаль сөздер. Сөз таптары бойынша талдау.
Синтаксис
Сөз тіркесі. Сөйлемнің быйланысу тәсілдері. Сөйлемнің байланысу түрлері. Сөйлемнің құрамына қарай түрлері. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері. Бірыңғай мүшелер. Айқындауыш мүше. Оқшау сөздер. Жалпылауыш сөздер. Төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Пунктуация.
Баламалық тест жауаптың үлгілері иә жоқ, дұрыс бұрыс түрінде беріледі де, оқушы осылардың біреуін ғана таңдай алады.
Баламалық тест жауаптың үлгілері иә жоқ, дұрыс бұрыс түрінде беріледі де, оқушы осылардың біреуін ғана таңдай алады.
1.Қазақстан жалауының түсі көк пе?
иә, жоқ
2.Кит кішкентай ма?
иә, жоқ
3.Мұғалім бала оқыта ма?
иә, жоқ
Таңдамалық тест шарты бойынша бір сұраққа бірнеше (3-5) жауап беріліп, оның біреуі дұрыс болып, оқушы ең дұрысын тауып, дәлелдеп алуы керек.
Таңдамалық тест шарты бойынша бір сұраққа бірнеше (3-5) жауап беріліп, оның біреуі дұрыс болып, оқушы ең дұрысын тауып, дәлелдеп алуы керек.
1.Қыста не жауады? 2.Қардың түсі қандай?
а) жаңбыр а) ақ
ә) гүл ә) қызыл
б) қар б) сары
в) су в) көк
г) жел г) қара
Қосымшалық тест қазақ тілінің жалғамалы ерекшелігін оқушы меңгерді ме әлде жоқ па деген сұраққа жауап іздегенде қолданылатын тест түрі.
Қосымшалық тест қазақ тілінің жалғамалы ерекшелігін оқушы меңгерді ме әлде жоқ па деген сұраққа жауап іздегенде қолданылатын тест түрі.
1. Көп нүктенің орына көптік жалғауын қой.
1) терезе… - лар
2) оқулық... - лер
3) бала… - дар
4) есік… - дер
5) сәбіз… - тар
6) қалам… - тер
Жұмбақтық тест тілдегі сөздерді, олардың мағынасын, қолдану аясын жете білумен байланысты оқушының мүмкіндігін білдіреді.
Жұмбақтық тест тілдегі сөздерді, олардың мағынасын, қолдану аясын жете білумен байланысты оқушының мүмкіндігін білдіреді.