90
Кесте 1. Әлем тілдерінің морфологиялық классификациясы
Түбір немесе аморфтытипті тілдерге қытай-тибет семьясынан: қытай,
тай, вьетнам, лао, тибет тілдері; банту семьясынан: суахили, зулус, лингала,
субия; судан тілдерінен: шиллук, эве; бушмен тілдерінен: нарон, ауке, айкве
эскимос-алеут, малайя-полинезия тілдері енеді.
Қытай сөздері үлкен екі топқа жіктеледі:
бөлінбейтін сөздер және
бөлінетін
сөздер. Бөлінбейтін сөздер тобына бір буынды сөздер кіреді:
во– мен, гао–
биік, ұзын, да– үлкен, до– көп, жень– адам, лай– келу, ми– күріш; хо– от, ши–
жоғалту.Бөлінетінсөздер тобына жеке түбірден, түбір мен түбірдің
қосарлануы не бірігуіненжасалады:
фу – әке, му – шеше; фу-му – ата-ана; да –
ұру, цзы – жазба белгі, дацзы – баспаға басу, дацзыцзы – жазба машинка (1,
397).
Агглютинативті типті тілдерге тән негізгі бір ерекшелік – сингармонизм
заңы. Үндіеуропа тілдерінде
грамматикалық екпін тәсілі қандай қызмет
атқарса, түркі, монғол және орал тілдері семьясына тән тілдер жүйесінде
үндестік заңы маңызды саналады. Агглютинативті тілдерге тән ерекшеліктерге
мыналар жатқызуға болады: сөз түбіріне ұосымша жалғағанда сөз түбірі
өзгеріске түспейді; аффикстер үндестік заңына бағынады, яғни түбірдің жуан
не жіңішкелігіне қарай қосымша не жуан, не жіңішке түрде жалғанады; сөзге
қосылатын аффикстердің әрқайсысы бір ғана қызмет атқарады; агглютинативті
типті тілдерде көмекші сөздерден демеуліктер,септеуліктер,жалғаулықтар, ал
аффикстерден жұрнақтар мен жалғаулар бар.
Полисинтетикалы немесе инкорпоративті типті тілдер қатарына
палеоазиат тілдері: чукчи, коряк, ительмен, юкагир, нивх, камчадал; эскимос
тілдері; американ индеецтері тілінен: кечуа, аймара, аугонкин, ирокез, ацтек,
атабас, дакота, гуаран, кекчи т.б.
Түбір типті тілдер:
таза түбір сөз қалпында қолданылады, сөз
түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер
орын тәртібі арқылы байланысады.
Жалғамалы типті тілдер:
жұрнақтар мен жалғаулар түбірден соң
ғана жалғанады,
үндестік заңының
сақталуы.
Қопармалы типті (флективті) тілдер:
қосымшалар түбірге кірігіп, түбір морфема
өз ішінен өзгеріске түседі.
Полисинтетикалық (инкорпаративті) типті
тілдер:
тілдегі сөз түбірлері мен негіздері бір-
бірімен қабыса, кіріге байланыстырылып,
біртұтастыққа біріктіріледі.
Морфологиялық
классификация
91
Инкорпорация сөзі латын тілінде «incorporatio» түрінде дыбысталып
«бірігіп кету», «өз құрамына қосып алу» деген мағынаны білдіреді.
Инкорпорация бойынша, тілдегі сөз түбірлері мен негіздері бір-бірімен қабыса,
кіріге байланыстырылып, көмекші элементтер арқылы біртұтастыққа
біріктіріледі. Мәселен АҚШ-тың Орегон штатында чинук тілі бар.Чинук
тілінде
I-п-i-a-l-и-d-a- тұлғасы сөз-комплексті құрайды. Қазақ тілінің сөйлем
құрылымына салсақ, бұл сөз-комплекс жайылма сөйлемнің түрі, орыс тілінің
құрылымы бойынша сабақтас құрмалас сөйлем болады. Білдерітен мағынасы:
мен мына әйелге мына бір нәрсені берейін деп келіп едім // Я пришел, чтобы
отдать ей это. Құрамындағы морфемаларды талдағанда былайша
бөлшектенеді: сөз түбірі –
d; сөз-сөйлем ішінде бес префикс және бір жұрнақ
бар екен:
i– қазір өткен шақ мағыналы префикс;
п– мен мағыналы есімдікті
біріктіретін префикс;
i– бұлмағыналы префикс;
а– әйелге мағыналы есімдік
префикс;
l– көмектестік мағыналы элемент;
а– кеңістік мағыналы жұрнақ. ТМД
елдерінде мекендейтін чукчилер тілінен бір мысал келтірейік:
т-ата-каа-нмы-
Достарыңызбен бөлісу: