Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе



бет64/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

ІІІ – модуль 
Антропоөзектік бағытта қалыптасқан тіл білімінің жаңа салалары 
3.1 Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыттың қалыптасу мен дамуы 
Жоспар: 
1 Тіл біліміндегі дәсүрлі ғылыми бағыттар, зерттеу нысаны.
2 Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт және зерттеу нысаны.
3 Антрополингвистикалық бағыттағы тіл ғылымының салалары.

1 Тіл біліміндегі дәсүрлі ғылыми бағыттар, зерттеу нысаны. 
Парадигма– ғылыми-метеодологиялық көзқарастардың, методологиялық
принциптердің, эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі. Ғылымның белгілі
бір даму кезеңін сипаттайтын, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді
шешу үшін қалыптасқан теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
Мәселен, саясаттану ғылымында теологиялық парадигма, натуралисік
парадигма, әлеуметтік парадигма; пеагогикалық парадигма сияқты көптеген
түрлерін көрсетуге болады. Тіл ғылымы тарихында мынадай үш ірі ғылыми
парадигма
көрсетіледі:
Кесте 1. Лингвистикалық парадигмалар жүйесі 

Салыстырмалы-тарихи парадигма лингвистика тарихындағы алғашқы
ғылыми парадигма ретінде танылады. Бұл парадигма ХІХ ғасырда тілдік
зерттеулерде
жүргізілген
салыстырмалы-тарихи
әдіске
негізделеді.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі тілдің шығуы, ататіл реконструкциясы, тілдер
туыстастығы, туыс тілдердің фонологиялық, лексикалық және грамматикалық
Тіл білімі
тарихындағы
бағыттар
Салыстырмалы-
тарихи аспект
Структуралды
аспект
Антропоөзектік
аспект


104
жақтан ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттаумен, дүние жүзі тілдерінің


генеологиялық жіктелімін түзу мәселесімен айналысты.
Жүйелі-құрылымдық парадигма тілдің құрылымдық-жүйелілік сипатына
негізделеді. Мұнда Ф. де Соссюрдің «Тілді өзі үшін және өз ішінде қарастыру
керек» деген лингвистикалық тұжырымы басшылыққа алынды. Тілдің
құрылымын, оның ішкі ұйымдасу жүйесін зерттеу мәселелесіне назар
аударылады. Жалпы тілтанымда жүйелі-құрылымдық парадигма негізінде әлі
күнге дейін тіл ғылымының дамуына өз септігін тигізетін фундаменталды
зерттеулер жүргізілуде.
ХХ ғасыр басында негізі қаланған структурализм бағытындағы
мектептерді біріктіретін ортақ мәселелер мынадай болды:
- тілдің ішкі элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, бір бүтін,
біртұтас жүйе, құрылым;
- тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің құрылымын, жүйесін зерттеу, тілдің
құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау;
- тілді таңбалар жүйесі ретінде тану, тілдік бірліктерді жеке-жеке таңба
ретінде қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет