105
қызығушылықты арттыратын антропоөзектік әдістеме тұр. Антропоөзектік
бағыттың зерттеу нысаны: тіл – адам – болмыс.
Антропоөзектік парадигма және оның принциптері
негізінде қазіргі тіл
білімінде бірнеше ғылым саласы пайда болды: этнолингвистика,
лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, психолингвистика, гендерлік
лингвистика, лингвоелтану.Болмысты
қабылдау, тану және ұғыну әрекеттері
адам санасында тілдік таңбалар арқылы бейнеленеді. Бұл туралы Н.Уәли
былай дейді: «Адам санасындағы ақиқат дүние туралы ақпараттар – сыртқы
дүниенің тілдік тұлға санасындағы моделі. Сыртқы дүниенің санадағы
ақпараттық моделі бірте-бірте жинақталған, жүйеге түскен түрде болады.
Ұзына бойы сыртқы дүние туралы, ондағы белгілі бір обьект туралы ақпарат
қабылданған сайын санада оның бейнесі тереңдей түседі, нақтылана береді»
[1,56]. Мәселен, табиғатта саңырауқұлақтың көптеген түрлері кездессе де,
қазақ халқының танымы бойынша оның бір ғана түрі бар. Өйткені қазақ
халқының мәдениетінде, тұрмыс-тіршілігінде саңырауқұлақтың мәдени
семасы жоғары емес. Ал славян және Европа халқының мәдениетінде
есімдіктің түрі жоғары бағаланады.
Кеңестік тіл білімінде антропоцентризм принципін
қазіргі тіл ғылымы
дамуының негізі ретінде таныған Ю.Степанов былай дейді: «... лингвистика
всегда будет наукой о языке в человеке и о человеке в языке» [2,78]. Жалпы
тіл білімінде антропоцентризмнің негізі ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басында қаланды.
Тіл біліміндегі антропоөзектік парадигманың қалануы негізді,өйткені тіл
табиғаты жағынан антропоөзекті болып табылады. Антропоөзекті тілдік
зерттеулердің орталық нүктесінде индивидтің тілдік тұлғасы, яғни тілдегі адам
факторы негізге алынады, тілдік
форманың орнына тілдік мазмұн, тілді
қолданыс (сөйлеу әрекеті) тұрады.
В. фон Гумбольдт концепциясынан бастау алатын антропоөзектік
зерттеулер қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, М.Копыленко, Р.Сыздық,
Е.Жанпейісов,
Н.Уәли,
З.Ахметжанова,
Ж.Манкеева,
Г.Смағұлова,
Б.Момынова, А.Салқынбай сынды тілші-ғалымдар тіл тарихы, лексикология,
этнолингвистика,
когнитология, лингвомәдениеттану салалары тарапынан
ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: