99
Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде латын әліпбиіне негізделген жазуға
көшу үрдісі қайтадан белең алып келеді.
Алфавиттік жазу және қазіргі әлемдегі алфавиттік жазу
түрлері.Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің белгіленген тәртіп
бойынша орналасқан жиынтығы. Әріптердің рет тәртібін де білдіреді. Ұғымды
белгілейтін идеограмма жазудан, сөзді бейнелейтін логограмма жазудан
әліпбилік жазудың жүйесі мүлде бөлек. Жазудың әліпбилік үлгісін, яғни
таңбаның бір ғана дыбысқа (фонемаға) сәйкес келуін біздің заманымыздан
бұрынғы 3-мыңыншы жылдардың ортасында семит халықтары ойлап тапқан.
Семит тілдерімен туыстас көлбеу сызықты (
курсив) арамей (
көне семит тілі)
әліпбиі Таяу және Орта Шығыс елдерінің бәріне дерлік тарады. Біздің
заманымыздан бұрынғы 6-4 ғасырларда Кіші Азиядан Үндістанға дейінгі билік
құрған Ахемен әулеті билеген парсы мемлекетінде қолданылған парсы-арамей
жазуы (
парфян, соғды, хорезм жазуларына негіз болған), еврейлердің шаршы
жазуы, сирия-арамей жазуы (
манихей, несториан, яковит жазуларына негіз
болған), жол асты, жол үсті дәйекшелерімен толықтырылған араб жазуы
арамей жазуының жергілікті тармақтарына жатады.
Зерттеушілер ең алғашқы таза дауыссыз (консонантты) дыбыстық жазуы
ретінде Финикий жазуын айтады. Финикий әліпбиінде 22 таңба болған.
Олардың әр қайсысы жеке дауыссыз дыбыстарды таңбалаған. Жалпы финикий
әліпбиінен грек әліпбиі туған, грек әліпбиі негізінде қазіргі Батыс Еуропа
халықтарының әліпбиі түзілген. Ал арамей әліпбиінен
араб, иран, еврей
әліпбилері түзілген.
Тілші-ғалым Қ.Күдеринова: «Жазу түрлерінің даму сатылары бойынша,
буын жазудан кейін тарих аренасына келген жазу бір дыбысқа бір таңба
сәйкескен дыбысжазу деп аталады», ˗ дейді (3, 19). Демек, әліпбиілік жазуды
дыбыстық жазу деп те атаймыз. Ғалым дыбысжазудың екі түрін атап керсетеді:
консонантты және вокалды. Консонантты жазу б.э.д. ІІ мыңж. жатса, вокалды
жазу б.э.д. І мыңж. жатады. Консонантты жазу ең алғаш египет жазуында
пайда болды (3, 19).
Жазудың теориялық негіздерін зерттеген ғалым Қ.Күдеринова финикий
жазуынан тараған әліпбилік жазудың мынадай түрлерін атап көрсетеді:
-арамей жазуы және архаикалық грек әліпбиі. Арамей жазуынан араб, парсы,
ауған; соғды, ұйғыр, монғол; еврей жазулары тарайды.
-Архаикалық грек бұтағынан шығыс грек пен батыс грек жазуы шығады.
Шығыс грек жазуынан гот, армян; византия-славян жазуы (кирилл); грузин