Ахмет Байтұрсыновтың тіл саясаты және қазіргі тіл саясатының сабақтастығы



Дата30.03.2018
өлшемі50,45 Kb.
#39847
Ахмет Байтұрсыновтың тіл саясаты және қазіргі тіл саясатының сабақтастығы

Альжикешова Динара Болатовна

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

68 МИББ кешені



Қарағанды қаласы
Мақалада қазіргі қазақ тілі ғылымының түп қазық ойлары тіпті әріде жатқанын, оларды бірінші болып Ахмет Байтұрсынов тұжырымдағанын көреміз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгіміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі – Әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – қазақ тілі» деген сөзі кім кімді болмасын, ойға қалдырады [1].

Тіл саясаты – мемлекеттің саясаты, ол егеменді еліміздің берік арқауы. Еліміз тәуелсіз болғаннан, егемен мемлекеттің нышандарының бірі ретінде қазақ тілі өзінің тарихи рөлін атқаруда. Ол Елбасы мен Үкімет тарапынан қолдауын тауып, оған бірнеше нормативтік құқықтық актілер айқын көрсеткіш болып отыр, олардың ішінде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Президенттің Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын айрықша атап өтуге болады.  Мемлекеттік бағдарламаның аясында көптеген жұмыстар атқарылды және ол өзінің мәресіне жетті. Елбасымыздың биылғы дәстүрлі жолдауында мемлекеттік тілге қатысты: «қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген, мемлекеттік қазақ тіліне құрметпен және лайықты оқып үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты. Бұл тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайыз құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» деп нақтылап өткен. Бұл «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасының» ең басты нәтижесі болмақ.[2]

Қазіргі таңда өзекті жан-жақты қаралып жатқан мәселелердің бірі - мемлекеттік тілді оқыту мәселесі. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу нысаны бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Ал Алашорда кезінде сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты.[3]



Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынов сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Тіл көрнекі болу үшін дерексөз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек.

Сәбит Мұқанов өз сөзінде « Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет.» деген болатын.

Ахмет Байтұрсынов "Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...”, – деп жазды.

Тіл қай елде, қай ұлтта болмасын қадірлі де, құдіретті. Ұлттың болмысын, ұлылығын, кісілік келбетін, биік парасатын танытуда тілден артық күш жоқ.

Ахмет Байтұрсынов-өз заманынң ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен.Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі.
Қазіргі тіл саясатына келетін болсақ, ҚР «Тілдер туралы» Заңында «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдлің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген. 
А.Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» дейді. 
«Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Әрбір тіл өзінің халқы үшін - ұлы» деген сөздерімен толықтыруға болады.

Тәуелсіз еліміздің керегесі кең, шаңырағы биік болып, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылу үшін білімді, ғылымды дамытуымыз қажет. Болашақ ұрпақтарымыз әлемдік білім деңгейінде де өзге елдермен терезесі тең, бәсекелестік дәрежеге жетуі керек. Бұл тұрғыдан зерделер болсақ, көреген Ахмет Байтұрсынов «Білімсіз халық қанша бай болса да, байлығы басқа халықтың қолына көшеді» деп біліктілікпен айтып кеткен.


Білім арқылы адам өзінің дүниетанымдық ауқымын кеңейтіп толықтырады. Оның үстіне білімді күнделікті қолдана білмесе, ол ештеңеге жарамсыз бос дүние болып шығады. Нағыз шынайы білім әр адамның еңбегін жеңілдетеді, өміріне пайда келтіреді.
Қорыта айтқанда, тілдік ахуал уақыт өткен сайын жақса­рып келеді. Тәуелсіздік тілді тығырықтан шығарып қана қойған жоқ, оның ғұмырын ұзартты, тынысын кеңейтті. Кеңестік кезең мен қазіргі уақыттың айырмасы жер мен көктей. Тілдік орта қазақылана бастады, тіл үйренуге ықылас артты. Екі тілде еркін сөйлейтін жастар қатары көбейе бастады, қос тілді қос қанатына айналдырған жас билингвист-журналистер ақпарат саласының ажарын аша түсті.

Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, мемлекетіміздің бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата Заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық.


Жалпы, тіл жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттік де басыбайлы дүниесі емес. Тіл - халық қазынасы, ұлттық жаны. Тілдің мәселесі - ұлттық мәселесі. Мерейін асыратын да өзіміз, құтын қашыратын да өзіміз. Тіл отбасынан бастау алады, отан аясында дамиды. Олай болса, біздің алдымызда егемен елдің жан-жақты біліммен, тәрбиемен қаруланған, саналы, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының бай ауыз әдебиетіненсусындаған, сайып келгенде намысын қорғай алатын, ана тілін құрметтейтін ұрпағын тәрбиелеу міндеті тұр.
«Өткірдің жүзі,
Кестенің ізі 
Өрнегін сендей сала алмас», - деп дана Абай айтқандай, кестелеп өріп, өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырған сұлу да бай, қонымды да толымды тілімізді тәрбие құралы ретінде де, сөйлеу құралы ретінде де орнымен қолданып, оны дамытуға, шәкірт бойына сіңіруге баршамыз өз үлесімізді қосайық! Отбасы өзіміз де, Отанымыз Қазақстан! Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадір­легендей қадірлейік!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.

  2.  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

  3. Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет таңытқыш». «Атамұра» баспасы, 2003 жыл.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет