Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер мен заңдылықтар



бет18/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

3 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер мен заңдылықтар. Тілдегі
фонетикалық процестер екі топқа бөлінеді: комбинаторлық және позициялық
фонетикалық
процестер.
Комбинаторлық
фонетикалық
процестерге
ассимиляция, диссимиляция, аккомадация құбылыстары, ал позициялық
фонетикалық процестерге сөйлеу тілінде орын алатын анлауттық, инлауттық 
және ауслаттық дыбыстық өзгерістер жатады.
Ассимиляция–сөз құрамында немесе сөз аралығында көршілес келген
дауыссыз дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі:
басшы‒башшы, сүзсе ‒сүссе, алтын кірпік ‒алтыңгірпік, жексенбі ‒жексембі
т.б. Қазақ тіл білімінде ассимиляцияның екі түрі бар: прогрессивті және
регрессивті ассимиляция.
Аккомодация–көршілес келген дауыстының әсері нәтижесінде дауыссыз
дыбыстар артикуляциясында болатын өзгеріс.
Диссимиляция –ассимиляцияға қарама-қарсы құбылыс. Диссимиляция –
біркелкі дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстардың әр басқа болып
өзгеруі:
Сөйлеу тіліндегі позициялық фонетикалық өзгерістердің үш түрлі
позицияда келуіне байланысты анлауттық, инлауттық және ауслауттық
фонетикалық процестер болып жіктеледі.
Анлаутқа байланысты фонетикалық құбылыстар қатарына протеза, 
эпентеза, эпитеза, аферезис жатады. Протеза –сөйлеу тілінде кейбір
сөздердің алдынан қысаң дыбыстардың қосылып айтылуы. Мысалы: лақ
(ылақ), рет (ірет), стакан (ыстақан). Аферезис–алдыңғы сөздің соңғы дыбыстың


33
әсерімен келесі сөздің басындағы дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Қазақ тілі


жүйесінде сирек кездесетін құбылыс: не істейміз? (нестейміз), не ішесің?
(нешесің). Эпентеза–фонетикалық, морфологиялық өзгерістердің әсерімен сөз
ішінде дыбыс қосылып айтылуы: трактор (тырактор), трест (тірес), кровать
(кереует), нрав (ндрав), срам (страм).
Инлаутқа қатысты фонетикалық құбылыстарға редукция, гаплология
метатеза, диэреза құбылысы жатады. Редукция ‒позициялық өзгерістердің
бір түрі. Дыбыстардың әлсіреп көмескі айтылуы нәтижесінде өзгеріске түсуі:
дәрігер, қатынас, тәжірибе. Негізінен редукцияға ұшырайтындар екпін
түспеген буынды дыбыстар.
Метатеза –сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын
алмастырып айтылуы: тепкі –текпі, айналу –айлану, қақпан –қапқан, тарелка –
талерка, ладонь –долонь. Ал сөйлеу тіліндегі диэреза құбылысы: грустный 
(грусный), чувство (чуство). 
Ауслаут құбылысына жататындар, негізінен, эпитеза, элизия, апокопа, 
синкопа сияқты фонетикалық өзгерістер енеді. Элизия –сөз тіркесінде кейінгі
сөздің бастапқы дауысты дыбысының әсерімен алдыңғы сөздегі соңғы
дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Мысалы: торы ала (торала), мына ауыл
(мынауыл), жақсы екен (жақсекен). Синкопа ‒негізінен жабысыңқы (шұғыл)
дыбыстардың әсерімен сөз ішінде бір немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалуы.
Мәселен, тағылым‒тәлім, бағана –мана, еге ‒ие, только ‒толико, спирт
‒spiritus. Апокопа‒сөз соңындағы екпін түспейтін соңғы дауысты дыбыстың
түсіп қалуы: или (иль), чтобы (чтоб), уже (уж). Эпитеза–сөз соңынан
дыбыстың қосылып айтылуы: банк ‒банкі, факт ‒факті, абстаркт ‒абстракты.
Сингармонизм - түркі, фин-угор тілдеріне тән позициялық ерекше
құбылыс. Сөзге жалғанған қосымшалардың сөз түбірі соңындағы дауысты
дыбыспен үндесіп келуі. Сөз ішіндегі дауысты дыбыстар бір-бірімен тілдің
және еріннің қатысына қарай өзара үндесіп келуі. Сингармонизм құбылысы
лингвалды және лабиалды болып бөлінеді. Қазақ тіл білімінде лингвалды 
сингармонизм басшылыққа алынады.
Сөйлеу үстінде өзара кірігіп, біртұтас болып айтылатын дыбыс тіркесін не
жеке дыбыс буын деп аталады. Дыбыстардың буынға кірігу тәсілі барлық
тілдерге ортақ болмайды. Себебі әр тілдің немесе туыстас тілдер тобының
өзіне тән бірегей буын құрау тәсілдері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет