37
дыбыстардың сипаты көне түркі жазба ескерткіштерімен байланысты
қарастырылады. Түркі тілдерінің дауысты (вокализм) және дауыссыз
(консонантизм) жүйелерінің даму тарихы мен кезеңдері салыстырмалы-тарихи
әдістер арқылы сипатталады. Осы арқылы туыстас түркі тілдерінің дауысты
және дауыссыз дыбыстар жүйелерін
бір-бірімен салыстыра отырып, олардың
ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау, олардың
тарихи даму кезеңдерін
айқындау, фонемалардың пайда болу және қалыптасу жолдары сипаттау
мәселесімен айналысады.
Қазіргі түркі тілдерінің үлкен бір бұтағын құрайтын қыпшақ, қарлұқ, оғыз
тобындағы тілдер мен көне түркі дәуіріндегі жазба ескерткіштер тілін
вокализм, консонантизм, морфонология тұрғысынан зерделеу тіл тарихы, яғни
тарихи
фонетика, тарихи грамматика, тарихи лексикология (этимология)
мәселелерімен айналысуға жол ашады. Сондай-ақ, мұндай тілдік зерттеулердің
қазақ тілінің салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің дамуына да
өзіндік үлесін қосады.
Бүгінгі күні қазақ тілінің қазіргі лексика-грамматикалық формалары мен
лексика-фразеологиялық бірліктерінің этимологиясын көрсетуде дыбыстардың
архетиптері мен түркі ататілінің фонемаларының
құрамын анықтауда
қолданбалы фонетиканың қосар үлесі өте мол.
Достарыңызбен бөлісу: