Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


Тіл ғылымының өзге ғылым салаларымен байланысы



бет5/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

3 Тіл ғылымының өзге ғылым салаларымен байланысы. Жалпы ғылым
атаулы екі топқа бөлінеді: қоғамдық және жаратылыстану. Тіл ғылымы
қоғамдық ғылымдар қатарынан саналады. Тіл қоғамдық ғылым саласы ретінде
өз
мәселелерін
психология, 
физиология, 
логика, 
жаратылыстану 
ғылымдармен байланыса отырып шешуге негізделген.Тіл қоғам бар жерде ғана
өмір сүреді, өйткені ол қоғамға қызмет етеді. Мәселен, психология адамның
сөйлеу процесін, қабылдау, түсіну заңдылықтарын, сөз мағыналарын
ауыстырып қолдану, сөйлеу мақсатына қарай сөйлем түрлерінің мәнін
қарастыруда тіл психологияның көмегіне жүгінеді. Осылайша, тіл білімінде
психолингвистика бағыты қалыптасты.
Тарихи-салыстырмалы парадигма аясында тілдердің туыстастығы
мәселесі, туыс тілдердің фоно-морфо-семантикалық жақтан жуықтығы,
ататілді негіздеу және тілдердің генеологиялық жіктелімін айқындау,
жекелеген тілдердің тілдік табиғатын ашуды көздеген құрылымдық-жүйелілік
парадигма шеңберінде тіл білімі ғылымының теориялық-методологиялық
негіздемесі қаланды. Нәтижесінде іргелі ғылыми еңбектер жарық көрді.
Дегенмен мұндай зерттеулердің тілдік жүйенің «өз ішінде және өзі үшін ғана
қарастырылуы тиіс» деген Ф. де Соссюрдің тұжырымдамасы тіл ғылымының
қоғамдық-әлеуметтік пәндермен байланысын әлсіретті.
Қазіргі тілдік зерттеулер адам баласының дүниетаным әрекетімен, ұлттық
логикалық ойлау жүйесімен байланысты «болмыс – адам – мәдениет» үштігі
контексінде жүргізіліп келеді. Сол себепті қазіргі лингвистикалық зерттеулер
когнитивті және функционалды бағытта жүзеге асырылуда.Когнитивті бағыт
негізінде тілдік тұлға теориясы, ғаламның тілдік бейнесі, концепт және 
тілдік тұлға сынды ғылыми теориялар негізінде этнолингвистика, 
лингвомәдениеттану, 
лингвоконцептология, 
психолингвистика, 
этнопсихолингвистика, 
нейролингвистика, 
гендерлік 
лингвистика,
онтолингвистика сынды ғылым салалары қалыптасты.


12
Көрсетілген бағыттар бойынша тілдік зерттеулер тіл және мәдениет, тіл


және таным, тіл және этнос, тіл және сана, тіл және ұлттық сана аясында
жүргізіледі. Нәтижесінде тіл ғылымында лингвистикалық зертеулердің
интеграциялық сипаты қалыптасты.
Бүгінгі
күні
қоғамның
барлық
саласында
жаңа
ақпараттық
технологияларды қолдану өзекті мәселеге айналып отыр. Соған орай, қазақ тіл
білімінің жаңа саласы ретінде қолданбалы лингвистиканың зерттеу бағыты мен
салалары қалыптасып даму үстінде. Қазақ тіл ғылымында қолданбалы
лингвистиканың теориялық және практикалық негізінің қалануына Қ.Бектаев,
А.Жұбановтар көп еңбек сіңірді. Қолданбалы тіл білімі зерттеу нысанына қарай
бірнеше ғылыми бағыттарға жіктеледі: корпустық лингвистика, компьютерлік 
лингвистика, квантативті лингвистика, мәтін лингвистикасы (мәтін
бірліктерінің таңбалық сипаты қарастырылады).

Қазіргі қазақ тіл білімінде компьютерлік лингвистиканың негізгі бағыты


мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласында ғылым тілі ретінде қолдануға
бағытталып отыр. Осыған байланысты қазақ тілші-ғалымдары тарапынан қазақ
лексикографиясы саласы бойынша компьютерлік қор жасау, қазақ мәтіндері
корпустарының компьютерлік базасын құрастыру ісі қолға алынды. Мәтін
мазмұнын компьютер арқылы түсінуге мүмкіндік тудыратын тілдік
бірліктердің (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) мағыналарын формалды түрде
анықтауға қатысты зерттеулер жүргізілуде.
Тілтанымның осындай көп бағыттағы кешенді зерттеулер жүргізуі
антропоөзектік ұстанымдармен тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет