Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


Тіл – әлеуметтік сипатқа ие, қоғамдық құбылыс



бет9/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

3 Тіл – әлеуметтік сипатқа ие, қоғамдық құбылыс. Тіл мен адамзат
қоғамының пайда болуында тікелей байланыс бар. Өйткені тіл адамзат
қоғамына ғана қызмет етеді, қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Тілдің өмір
сүруі мен дамуы жеке тұлғаның сөйлеу әрекетімен байланыста түсіндіріледі.
Белгілі бір қоғамға қызмет ететін тілдік жүйе сол қауымдастық өкілдерінің
сөйлеу әрекетін жүзеге асырса, сөйлеу әрекеті тілдік жүйенің дамуына өзіндік
ықпалын тигізеді. Тілдің шығуы мен дамуы, оның қоғамда атқаратын қызметі,
қоғамның әлеуметтік топтарға жіктелісіне сәйкес тілдің әлеуметтік жіктелімі,
қоғамның тілге әсер етуімен байланысты қалыптасқан қостілділік, көптілділік,
мемлекеттік тіл, шет тілдердің халықаралық сипат алуы –бәрі тілдің қоғамдық
мәнімен байланысты.
4 Тілдің таңбалық сипаты. Семиотика – ақпараттың сақталуы мен
қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметін
зерттейтін ғылыми пән. Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары В. фон
Гумбольдт, Ф.де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ, Ч.С.Пирс еңбектерінде айтылған.


19
Алғаш тілдің таңбалық сипатын сөз еткен грек философтары болатын. Көне


грек тіл білімінде жоғарыда аталған мәселеге байланысты номиналистік және
реалистік бағыт қалыптасады. Яғни, қазіргі тіл біліміндегі лингвосемиотика
ғылымының қалыптасуы өз негізін көне тіл білімі дәуірінен алады. Грек
философтары тарапынан тілдік жүйенің болмыстағы заттар мен құбылыстарға
қатыстылығы, зат пен оның атауарасындағы байланыс (табиғи және шартты)
дәрежесі қарастырылады. Адам баласының сөйлеу тілінде жалпы таңбаларға
тән сипаттың барлығын, сол себепті оны жалпы таңбалар қатарында қарастыру
керектігін айтқан көне тіл білімінің өкілдері болды. Өзімізге белгілі көне тіл
білімі мәселелерімен алғаш қытай, жапон, үнді, грек және шығыс
философтары айналысқан болатын. Мәселен, Аристотель ауызекі тілде
айтылған сөзді – ойдағы түсініктің символы, жазуды – сөздің символы ретінде
таниды. Стойктердің пікірінше, таңба үш бірліктің өзара тоғысуы негізінде
қалыптасады. Оның бірі – таңбалаушы, яғни адамның белгілі бір затты таныту
үшін қолданған дыбысы. Екінші – таңбаланушы, яғни ой-сана арқылы
танылатын, алдын ала белгілі болған, дыбыстаумен белгіленген зат. Үшінші –
объект, яғни қоршаған орта. Осы үш бірлікті тоғыстырып таңба ретінде
жарыққа шығаратын – адам. Демек, таңбаның өзі де антропоцентристік
бағыттың негізгі ұғымдарының бірі.
Әлемдік лингвистикада тілдің таңбалық теориясының негізін салушы, осы
теория бойынша таңбаның таңбалаушы және таңбаланушы сипатының
болатындығын алғаш дәйектеген Ф.де Соссюр еді. Мұндағы белгілі бір нәрсені
білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш
таңбалаушы, осы таңбалаушының білдіріп тұрған мағынасы таңбалаушы
ретінде танылады. Дегенмен, тілдің таңбалық сипатын қарастыратын
лингвистикалық семиотика саласының қажеттілігін атап өткен Ф.де Соссюр
болатын. Осылайша лингвистикалық семиотика ғылымы XIX ғасырдың 30-
жылдары қалыптасты.
Лингвистикалық семиотиканың зерттеу нысаны – тілдің таңбалық сипаты,
тілдік таңба мен шартты таңбаның өзіндік белгілерін, ерекшеліктерін
айқындау. Тілдік таңба сезім мүшелері арқылы қабылданады, бір нәрсе
жайында хабарлайды, коммуникативтік қызмет атқарады, белгілі бір мағынаға,
мазмұнға бағытталады, онымен шартты қатынаста болады, өзі білдіретін
мағынамен қатынасы еркін болады, олардың арасында табиғи байланыс
болмайды.
Белгілі нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық
көрсеткіш таңбалаушы сипатты, сол таңбаның ішкі мазмұны таңбаланушы
сипатты иеленеді. Семиотикалық әдебиеттерде таңбаның негізгі және жасанды
түрлері көрсетіледі. Негізгі таңбалар қатарына тілдік таңбалар жатады. Тілші-


20
ғалымдар тілдік таңбаны «барлығын да айтуға келетін» (А.Мартин), «барлық


басқа семиотикалық таңбаларды аударуға болатын» (Л.Ельмслев), «барлық
типтегі таңбалардың оркестрі» (Т. Милевский) деп санайды.
Тілдік таңбалар қатарына фонема, сөз, морфема, сөз тіркесі және сөйлем 
жатады. Дыбыс – тілдің ең кіші материалды бөлшегі. Дыбыс жеке тұрғанда
мағынасыз болады, сондықтан екі жақты мәні бар таңба ретінде емес, бір
жақты сипатқа ие тілдік таңба ретінде таныған дұрыс. Морфема – атауыштық
мәні бар лексемалар мен фонемалар арасындағы аралық категория. Ол – тілдің
жартылай құрылымдық, бірақ хабаршы таңба бола алмайды. Сөйлеу
сөйлемнен, сөйлемдер еркін сөз тіркесінен құралады. Сөйлем – сөйлеудегі,
пікір алысудағы ең негізгі және бірден-бір коммуникативтік таңба саналады.
Көмекші таңбаларды материалдық сипатына қарай графикалық таңбалар, 
акустикалық таңбалар, заттық таңбалар, ақша таңбалары, сәуле 
таңбалары, ымдау, нұсқау таңбалары ретінде жіктеп көрсетуге болады.
Семиотикалық таңбалардың күрделі бір саласы – ымдау, нұсқау, яғни әр түрлі
дене қимыл-козғалыстары арқылы белгі беріп, бір нәрсені хабарлау, түсінісу
әрекеттері. Ғылыми әдебиеттерде семиотикалық таңбалардың бұл түрі ым-
ишарат тілі деп те аталады.
Семиотика ұғымын алғаш рет ғылыми тұрғыдан айқындаған американдық
философ Чарльз Пирс болатын. Ч.Пирс таңбалардың негізгі үш типін
көрсетеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет