Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе



бет111/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

Конспект түрлері: 
‒ Жоспарлы конспект ‒ белгілі бір ғылыми мәселені қарастыруда негізгі
мәселелері қамтылған жоспар негізінде жазылады.
‒ Мәтіндік конспект ‒ мұндай конспект түрі дереккөздерден алынатын ғылыми
үзінділер мен пікірлерге сүйенеді.


161
‒ Тақырыптық конспект ‒ белгілі бір ғылыми мәселелердің басын ашуда


бірнеше дереккөздерге сүйенеді. Мұндай конспект түрін жүргізу қиын
жұмыстардың бірінен саналады.
‒ Еркін конспект ‒ мұндай конспект түрі жоғарыда берілген түрлі
конспектілердің өзара үйлесімділігіне құрылады.
Конспектілеу техникасы. Конспектіні жылдам жазуға (оқытушының
айтқандарын жазуға үлгеру) төмендегідей тәсілдер көмектеседі:
- қысқарту жүйесі;
- басты мәселені айқындап алу;
- каллиграфиялық жазудан бас тарту;
- ақпаратты схема, таблица немесе кесте түрінде беру.

Реферат 
(
лат.
refere ‒ хабарлау,
айту)

бір немесе
бірнеше
дереккөздерден алынған белгілі бір тақырып жөнінде хабарлау. Реферат
ғылыми мақалалар мен ғылыми әдебиеттердің мазмұнын сипаттау болып
табылады.
Жалпы рефераттың бірнеше түрлері көрсетіелді:
реферат-
конспект; реферат-резюме; реферат-шолу, реферат-баяндама.
Реферат-конспект – белгілі бір тақырып жөнінде жалпы ғылыми
ақпаратты құрайды, онда иллюстрациялық материалдар, зерттеу әдіс-тәсілдері,
зерттеу нәтижелері және олардың практикалық қолданысы туралы жалпы
ақпараттан тұрады.
Реферат-резюме ‒ берілген тақырыптың тек негізгі тұжырымдарын
құрайды.
Реферат-шолу ‒ берілген мәселе бойынша бірнеше дереккөздерге сүйене
отырып, ондағы түрлі ғылыми көзқарастар өзара салыстырылады.
Реферат-баяндама ‒ берілген ғылыми ақпараттың шынайылығы, оның
шешімі бар екендігі, түпнұсқа мәліметтермен өзара салыстырылған,
кеңейтілген сипатқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет