Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі №22 Еңбек орта мектеп Бекітемін: Келісемін



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі32,91 Kb.
#80164
1   2   3   4
Байланысты:
тарихи тулғалар үйірме

Күтілетін нәтижелер:

- ұлттық тарихта ерекше маңызы бар тарихи тұлғаларымызды танып біледі;


- Республика көлеміндегі жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулермен танысады;
- тарихи қайраткерлердің өмірі және шығармашылығы туралы мазмұндай алады;
- тарихи тұлғалармен танысып, өз көзқарастарын ортаға сала біледі;
- әлем тарихы бойынша тұлғалардың қосқан үлесін бағалай біледі.


Тақырып жоспарының мазмұны:

Бағдарлама бойынша 11-сыныпқа арналған үйірме сабақтары 34 сағатқа есептелген.


Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына - 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.


Жалпы 7 тараудан тұрады.


Кіріспе – 1 сағат


І-тарау: Ерте орта ғасырдағы тарихи тұлғалар – 3 сағат
Бумын қаған, Білге қаған, Күлтегін
ІІ-тарау: Дамыған орта ғасыр тұлғалары – 2 сағат
Сатұқ Боғра хан, Мұса хан
ІІІ-тарау: Орта ғасыр ғұламалары – 4 сағат
Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, Қ. А. Йасауи, А. Иүгнеки, М. Х. Дулати, Қ. Жалайыри
IV-тарау: ХІІІ-ХV ғғ. тұлғалары – 7 сағат
Шыңғысхан, Батый, Берке хандар, Өзбек, Жәнібек хандар, Ерзен, Мүбәрак хандар, Орыс хан, Әмір Темір, Едіге
V-тарау: Қазақ хандығын қалыптастырған тарихи тұлғалар – 6 сағат
Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тәуке хан
VІ-тарау: Ұлы билер – 3 сағат
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
VІІ-тарау: Атақты жыраулар – 7 сағат
Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған Сүйінішұлы, Доспамбет, Жиембет жыраулар, Марғасқа жырау, Ақтамберді Сарыұлы, Шалкиіз

«Тарихи тұлғалар» атты факультативтік бағдарлама мазмұнында ежелгі тарихынан бастап казіргі заман тарихына дейін қамтиды.Ірі тұлғалардың тарихтағы рөлін ашады, елеулі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды баяндайды.


Қазақстан тарихы –жалпы тарихтың құрамдас бөліғі ,бұл біздің туған Отанымыздың тарихы. Батырлармен, хандармен, ақындармен және т.б.тұлғалармен танысады.
Осы Тәуелсіздік мемлекетімізге қалай жеткенімізді осы бағдарламада өтеміз. Әр түлғаның өмірбаяны мен және осы біздің Отанымызға үлкен үлестерің және жетістіктері мен танысамыз.
Осы бағдарламада оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруға қосымша материал ретінде пайдаланады. 
Бағдарламалық курсты игеру мақсатында қулықтарынан басқа қосымша дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға назар аударады. Оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында өзіндік жұмыстар орындалады. Олар: өткен тақырып бойынша сөзжұмбақтар, тест тапсырмалары, рефераттар, шығармалар және сканвордтар. Аталған әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың санасына берілген білімдерді сыңыруге болады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көп көңіл балінеді.Мысалы: ой-толғау жазу арқылы мұғалім оқушылардың ой-санасын дамытуға,сол шығармаларда жазылған кезендердің ахуалын түсінуге үйретеді.Соңғы сабақта оқушылардың курс бойынша алынған білімдерін қорытындыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет