2 АТМОСФЕРАДАҒЫ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫҢ ТАСТАНДЫЛАРЫН ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ
Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мәселесі өте күрделі, жан-жақты және үлкен материалдық шығындар мен күшті қажет етеді. Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2-3 аптадан, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға дейін сақталады. Дегенмен ғылыми прогресстің қазіргі заманғы даму деңгейі адам организмі мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін заттардың түзілуін және бөлінуін азайтып, ластанудың алдын-алудың іс-шараларын жасауға мүмкіндік Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын және зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін іс-шараларды төмендегідей топқа бөлуге болады:
1. Зиянды қосылыстар түзілетін технологиялық процестерді жақсарту және мүмкіндігінше зиянды заттар аз бөлінетін жаңа технологиялырды өндіріске енгізу.
2. Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуін азайту немесе мүлде болдырмау.
3. Зиянды қосылыстарды бөлетін объектілерді тиімді орналастыру және жасыл өсімдіктерді көптеп отырғызу.
Қазіргі кезде ауадағы шаң мен тозаңды ұстайтын және тазалайтын 5 түрлі әдіс белгілі. Олар:
Құрғақ тазалау әдісінің тозаң ұстағыштары:
Циклонды(дауылды, боранды);
Ротациялық(шиыршық тәрізді);
Вихрлі(жел арқылы құйын тәрізді);
Радиалды(тарамдалған)
Ылғалды тозаң ұстағыштар:
Вентурри скруберлері (2-сурет)
Тозаңдату скруберлері
Орталықтан тепкен күшпен жүретін скруберлер
Инерциялы соқтығу және барботажды-көбікті қондырғылар
Электр сүзгімен тазарту - қондырғыларының жұмыс принципі- коронды электродтар шаң-тозаң электр иондарын таратып, оларды тұңдырма және коронды электродтар камераларында ұстау.
Химиялық тазарту әдісі-бұл газдардың басқа сұйық газдармен араласқанда еритін қасиетіне негізделген әдіс түрі.
Термиялық әдіс- уытты заттарды өте жоғары температурада өртеу, күйдіру арқылы бейтарап қалыпқа келтіру болып табылады [12].
2-сурет.Вентурри скруберлері
Атмосферадағы ылғалмен әрекеттесіп - каталитикалык, фотохимиялық еакциялардың әсерінен тотығып Һ,СО4 ерітіндісін түзеді. Сөйтіп Бұл қосылыстың қауіптілігі арта түседі- күкіртті қосындылар ауа массасымен бірге жел арқылы көшіп сульфатты формаларға ауысады. Олардың көшуі желдің жылдамдығы 10 м/сек жағдайда 750-1500 м биіктікте жүреді күкіртті газдардың таралуы 300-400 км қашықтыққа дейін жетеді. Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп тыныс алуды қиындатады. Өсімдіктерде хлорофиллдердің бұзылуына әсер етіп әтижесінде фотосинтез процесі нашар жүреді, өсу баяулайды, ағашты өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі азаяды. Атмосфералық ауа құрамында күкірттің көп болуы металдардың таттануын (коррозия) үдете түсіп, ғимараттардың, ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті аудандарда, ауылды жерлермен салыстырғанда темір 20 есе, алюминий 100 есе тез таттанып бұзылады. Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының - транспорттың, коммуналды және ауыл шаруашылығының еңбек өнімділіғін арттыратын, халықтың әл-ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы күш. Отын-энергетикалық кешен - жанармайларды барлау және өндіру, тасымалдау, тарату және пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Бұлардың құрамына отын өнеркәсібі (Мұнай, газ, көмір) және халық шаруашылығындағы басқа салалармен тығыз байланысты электроэнергетика кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |