Орфографиялық сөздік


Біріншіден, Сөздік мемлекеттік тапсырыс бойынша кирилше-латынша параллель сөздік түрінде ұсынылғалы отыр. Оның құрылымының жобасын шағын кестеден көруге болады



бет3/4
Дата21.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154251
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Орфография

Біріншіден, Сөздік мемлекеттік тапсырыс бойынша кирилше-латынша параллель сөздік түрінде ұсынылғалы отыр. Оның құрылымының жобасын шағын кестеден көруге болады.
Сөздік құрылымының осылайша орналасуы байырғыдан санада қалыптасқан әліпбиді көзшалыммен шапшаң тани отырып, латын графикалы әліпбиді меңгеруді оңтайландырады; жаңа әліпбимен берілген бөлігі алдағы жылдардағы сөздік басылымдарына тірек болады.
Екіншіден, Сөздіктің құрамы толықтырылды және бірқатар тілдік бірліктердің орфограммасы қазіргі жазба коммуникациядағы қолданылу жиілігі ескеріле отырып, өзгертілді.
Мәселен, ақжарылқап, ақжарылқап заман, рамазан, рамазан айы, алашбегі, аударматану, ақпар кесе (жерг.), сөйтіп, дей тұрсақ та, құтқарушы, құстаңдай (ою) тәрізді тілдік бірліктер қосылды. Қазіргі әдеби тілдегі ермексаз, кеппешөп, гүлкіндік, жаймасөре, газтұмша, қанатбелгі, қарубау, жабдықталым, дүмтабан, ықтиярхат, тінтуір, пернетақта, фейсбук, инстаграм, хэштег, лайк, репост, респект, челендж, ватсап, смайл, емейл, флешмоб, алғытөлем, жәрдемқаражат, ықпалшара, демеуқаржы, өтелімділік, айырбасталымдылық сияқты жаңа сөздермен қатар арапа, мүфти, пірәдар, мүмін, раббым, имам, тауарих, хиджаб, мұхтасиб, қазірет, халал, харам, поп, священник, дьякон типтес діни дискурсқа қатысты тілдік бірліктер тіркелді
Ескерте кететін жайт – ермексаз, кеппешөп, жаймасөре, демеуқаржы, ықпалшара тәрізді жаңа қолданыстардың пластилин, гербарий, витрина, субсидия, санкция  сияқты баламалары да беріледі, өйткені жаңа сөздер мектеп оқулықтарында, өзге де жазба нұсқаларында әзірше баламаларымен қатар қолданылады.
Үшіншіден, соңғы буынында қысаң ы,і дауыстылары бар, әсіресе екі буынды сөздердің орфограммасында айырмашылықтар бар болғандықтан осындай сөздердің грамматикалық түрленімі нақты көрсетілді. 
Нақты айтсақ, көрік – көркі; көрігі; нарық – нарығы; нарқы; қалып – қалпы; қалыбы тәрізді параллельдерден басқа қысаң дауыстылар сақталатын аңыз, серік, дарын, серпін, пішін, түйін, түйір сөздерінің ішкі реестрі аңыз, аңызы; серік, серігі; дарын, дарыны; серпін, серпіні; пішін, пішіні; түйін, түйіні; түйір, түйірі түрінде реттелді.
Төртіншіден, алдыңғы басылымдарда жеке орфограммасы көрсетілген саналы, санасыз, айлы, ақылы, арыстандай, маралды, мұрттай, құстай, қанжардай, сүттей, тебінгідей, масашатәрізді лексемалардың ішкі реестрі ақпараттық-стилдік меже негізінде айлы, айлы түн; ақылы, ақылы оқу; арыстандай, арыстандай ақыру; маралды, маралды өлке; мұрттай, мұрттай ұшу; құстай, құстай ұшу; қанжардай, қанжардай қадалу; сүттей, сүттей жарық; тебінгідей, тебінгідей жер; масаша, масаша талау сияқты тұрақты немесе тұрақтала бастаған тіркестермен нақтыланды:
Сондай-ақ алдыңғы басылымдарда 1983 жылы бекітілген ережеге сәйкес педагог-ке, педагог-тер, биолог-ке, биолог-тер, кардиолог-ке, кардиолог-тер түрінде болған сөздердің орфограммасы қазіргі жазба коммуникациядағы қолданыс жиілігі ескеріліп, педагог-қа, педагог-тар, биолог-қа, биолог -тар, кардиолог-қа, кардиолог -тарболып, американдық, итальяндық сөздері америкалық, италиялық нысанына ауыстырылды.
Бесіншіден, алдыңғы басылымдардағы кірме сөздердің бірқатары (мәселен, абберация, гелиоцентрлік, гидраттану, фетиштендіру және т.б.) сөзтізбе құрамынан шығарылды; жоғарыдай аталғанындай, нарық, бизнес, ақпараттық технологияға байланысты кірме сөздер енгізілді.
Алтыншыдан, Сөздіктің жаңа басылымында лексикографиялық межелер толық сақталды. Басқаша айтқанда, зат есімнің сын есімнің, омонимдер мен жарыспалы нұсқалардың, есімдіктер мен етістіктердің, басқа да сөз таптарының орналасуы қатаң жүйеленді. Айталық, сын есімнің, сан есімнің барлық формаларының
сары, сарғылт, сарғылтым, сарғыш, сарылау, сарырақ, сап-сары; он, он бір, он бірінші, оныншы) жазылуы нақтыланды. Етістік нысандарын жүйелеу олардың жазылуы мен айтылу заңдылықтарының айырмашылығын белгілеу (қуану, қуанбау, қуанған; айтылуы – қуану, қуамбау, қуаңған; шаттану, шаттанбау, шаттанған; айтылуы – шаттану, шаттамбау, шаттаңған) мақсатында, сондай-ақ қатар қайталанатын дыбыстардың жазуда сақталатындығын көрсету үшін ( сөйлету, сөйлетті; сөйлесу, сөйлессе, сөйлесші); етістіктің грамматикалық түрлері мен түбір орфограммасын нақты көрсету үшін (оқу, оқы, оқиды; жылжу, жылжы, жылжиды; нығаю, нығай, нығаяды; ұлғаю, ұлғай, ұлғаяды) тұрғысынан жүзеге асырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет