Органическая химия


Ароматты көмірсутектердің қасиеттері



бет23/33
Дата02.11.2022
өлшемі0,79 Mb.
#156194
түріМетодические указания
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
СРСП новый

9.2 Ароматты көмірсутектердің қасиеттері
9.2.1 Физикалық қасиеттері
Ертеректе ашылып зерттелген ароматты көмірсутектер сол кезде қойылған тарихи (травиалды, эмпирикалы) атаумен аталады. Басқа туын­дылары рационалды номенклатурамен аталынады. Бензолда екі не үш бүйір тізбек болса, оларды бір – бірінен айыру үшін сандармен белгілейді. Айталық

1,3 – диэтилбензол дейді, өйткені бензол сақинасындағы көміртек атомдарын 1, 2, 3 деп белгілесек, онда небары 6-ақ та, екі этил тізбегі 1 және 3 атомда тұр. Мұны сөзбен де әріппен де белгілеп айта беруге болады. Жоғарыдағыны мета-диэтилбензол немесе м-диэтилбензол деседі. Енді оның этил тізбегінің орнын ауыстырса, оны



1,2 – диэтилбензол, орто-диэтилбензол ( о-диэтилбензол) деседі.
Ал, мына төмендегідей изомері

1,4 – диэтилбензол, пара-диэтилбензол (немесе п-диэтилбензол)делінеді. Демек, олардағы мета-м, орто-о, пара-п болып қысқартылып жазылады. Негізгі ароматты көмірсутектер радикалдарын ескі тарихи атаулармен атайды:

Басқа радикалдар (арилді радикалдар – оларға ортақ атау) номенклатура ережесіне сәйкес. Айталық, толуолдан шыққан туындыларды алсақ, ло бензилді радикалдан басқаша аталынады:

Этилбензолдан – осыған сәйкес о, м-және п-этилфенилді радикалдардан алынады. Ароматты көмірсутектердің атаулары, физикалық қасиеттері 5 – таблицада көрсетілген.


Бензол және оның төменгі гомологтары – сұйық, олардың тығыздығы өзара жақын және мөлшер шамасы көп емес. Олардың бәрі бірдей суда ерімейді де органикалық еріткіштерде ериді және олардың өздері органикалық қосылыстардың көптеген топтарына еріткіш болып саналады.


9.2.2 Арендердің химиялық қасиеттері
Синтетика тұрғысынан қарағанда арендер үшін бірден-бір маңызды реакциялардың бірі-электрофилді алмасу реакциясы.
Нитрлеу. Алкандарды нитрлеу үшін оларды азот қышқылының сұйық ерітіндісімен қыздырады. Арендерді нитрлеудің айырмасы концентрлі азот және күкірт қышқылдарының қоспасымен (нитрлеуші қоспа) қыздырады. Қоспамен бензолға әсер еткенде, нитробензол түзіледі:

Бензолдан гөрі нитробензол нитрлеу реакциясына нашарлау түседі. Дегенмен оны азот қышқылымен онан да жоғары температурада қыздырса, нитробензолдан мета-динитробензол шығады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет