9.2.2 Арендердің химиялық қасиеттері Синтетика тұрғысынан қарағанда арендер үшін бірден-бір маңызды реакциялардың бірі-электрофилді алмасу реакциясы.
Нитрлеу. Алкандарды нитрлеу үшін оларды азот қышқылының сұйық ерітіндісімен қыздырады. Арендерді нитрлеудің айырмасы концентрлі азот және күкірт қышқылдарының қоспасымен (нитрлеуші қоспа) қыздырады. Қоспамен бензолға әсер еткенде, нитробензол түзіледі:
Бензолдан гөрі нитробензол нитрлеу реакциясына нашарлау түседі. Дегенмен оны азот қышқылымен онан да жоғары температурада қыздырса, нитробензолдан мета-динитробензол шығады: