Органическая химия



бет2/43
Дата20.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#140096
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
СРСП новый

МАЗМҰНЫ





Кіріспе

4

1

Қаныққан көмірсутектер

5

2

Қанықпаған көмірсутектер

9

3

Ацетиленді көмірсутектері. Алкиндер

14

4

Галоген туындылар

17

5

Гидроксилді қосылыстар

20

6

Қаныққан бір атомды спирттер. Алканолдар

20

7

Альдегидттер мен кетондар

24

8

Карбон қышқылдары және олардың туындылары

28

9

Ароматты көмірсутектер

34

10

Аминдер

42

11

Аминоқышқылдар

49

12

Ақуыздар

51

13

Көмірсулар

56


Әдебиеттер тізімі

62





КІРІСПЕ


Өзіндік жұмыстар теориялық курспен қатар жүре отырып материалды терең және толығымен игеруге қажетті оқу процесінің негізгі этаптарының бірі болып саналады.
Студенттерге органикалық қосылыстардың өзгерістері мен құрылысы, реакция механизмдері, органикалық қосылыстардың өзгерістерінің жалпы заңдылықтары, қасиеттері, алыну жолдары және қолданылуы, химиялық эксперименттерді жасауда алған мәліметтерге және нәтижелерге қорытынды жасай білуге үйрету, синтездің шексіз мүмкіндіктері жөніңде қажетті білім беріп болашақ мамандарды осы алған білімдерін әртүрлі өндіріс салаларында пайдалана білуге үйрету және олардың ерекше орны туралы білімдерін қалыптастырады.
Әдістемелік нұсқау органикалық химия курсының оқу бағдарламасына сәйкес металлургия мамандығы студенттеріне арналып құрастырылған.

1 ҚАНЫҚҚАН КӨМІРСУТЕКТЕР (Алкандар немесе парафиндер)




1.1 Құрылысы. Гомологтық қатары
Алкандар, немесе парафиндер – молекуласында көміртегі атомдары өзара жай (дара) δ-байланыстар арқылы байланысқан алифатты қаныққан көмірсутектер.
Қаныққан көмірсутектердің алғашқы өкілі метан СН4.
Н Н
| ..
Н —С — Н Н : С : Н
| ..
Н Н
Көміртегі атомы қаныққан көмірсутектерде бірінші валенттік күйде болады. sp3-Гибридтенуде көміртегі атомының электрондық орбитальдарының арасындағы бұрыш 109°28'. Метан молекуласындағы атомдардың кеңістікте орналасуын тетраэдрлік, шаростерженді немесе Бриглеб модельдері түрінде көрсетуге болады (сурет 4 а, ә, б).
Метан молекулласындағы сутегі атомын метил СН3 тобына ауыстырып келесі көмірсутек – этанның құрылымдық формуласын алуға болады:
Осылай қалған қаныққан көмірсутектердің де өкілдерің шығаруға болады.
Метан СН4 Октан С8Н18
Этан С2Н6 Нонан С9Н20
Пропан С3Н8 Декан С10Н22
Бутан С4Н10 Гексадекан С16Н34
Пентан С5Н12 Эйкозан С20Н42
Гексан С6Н14 Триаконтан С30Н62
Гептан С7Н16
Осы қатардағы кез кеген жақын өкілдерін салыстырып бір бірінен бір СН2-топқа айырмашылық бар екенін көруге болады. Химиялық қасиеттері ұқсас және физикалық қасиеттері заңды жүзде өзгеріп отыратың, ал құрылымы бір бірінен бір немесе бірнеше метилен СН2-тобына айырмашылығы бар осындай қатар өкілдері гомологтық қатар түзіп (грекше homos – бірдей), қатардың жеке мүшелері гомологтар деп аталады.
Органикалық қосылыстардың барлық кластары (спирттер, альдегидтер, кетондар және т.б.) өздерінің гомологтық қатарың құрады. Әр қатардың кез келген мүшесіне тән көміртегі және сутегі қатынастарын көрсететін жалпы формуласы бар. Қаныққан көмірсутектерге тән осындай жалпы формула СnН2n+2.
Гомологтық қатар негізгі диалектиканың заңы – сандық өзгерістің сапалыққа өтудің нағыз үлгісі. Әр келесі молекулаға СН2-топты енгізу қасиеттерінің заңдылықты өзгеруін көрсетеді.
Егер көмірсутегіне бір (немесе бірнеше) сутегі атомы жетіспесе көмірсутек радикалы немесе көмірсутек қалдығы деп аталатын бөлшек түзіледі (бос радикалмен шатастыруға болмайды!). Жетіспеген сутек атомдарының санына байланысты бір-, екі- және үшвалентті болады. Егер бос валенттілік радикалда біріншілік көміртегі атомында болса, онда ондай радикал біріншілік деп аталады. Осыған ұқсас екіншілік және үшіншілік радикалдар болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет