2.1.3 Алу жолдары Газ тәрізді алкендерді (этилен, пропилен, бутилен) мұнай өнімдері газдарынан (термиялық крекинг кезінде түзілетін) бөледі. Мұнай құрамындағы алкандардың крекингісі полимерлер өндірісі үшін қолданылатын этиленді көмірсутектерді алудың өндірістік әдісі болып табылады. Сонымен қатар көп мөлшерде мұнайды пиролиздегенде түзіледі.
Алкендерді өндірісте алкандарды дегидрогенизациялау арқылы да алады. Мысалы, алюмохромокалий катализаторы (К2О – Сr2О3 – А12О3) қатысында 560 – 6200С температурада н-бутаннан бутилен алады:
Спирттерді күкірт немесе фосфор қышқылы, А12О3, ZnС12 және т.б. катализатор қатысында (сұйық фазалы әдіс) дегидратациялап алуға болады:
140°С, кат 160 -170°С, кат СН3 – СН2ОН + Н2SО4 ——→ СН3 – СН2 – О – SО2 ОН ——→ СН2 = СН2 Алкендерді галогеналкилдерге спирттік немесе қатты (үгітілген) калий гидроксидімен әсер етіп галогенсутектерді бөліп (дегидрогалогендеп) алуға болады: