Органическая химия


Алкендер немесе олефиндер



бет6/43
Дата20.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#140096
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
СРСП новый
Zhasmin
2.1 Алкендер немесе олефиндер


2.1.1 Алкендердің құрылысы. Гомологтық қатары
Алкендар немесе олефиндер деп молекуласында көміртек атомдары арасында бір қос байланысы бар көмірсутектерді айтады.
Алкендердің, қаныққан көмірсутектер тәрізді жалпы формуласы СnH2n болатын гомологтық қатары бар. Бұл қатардың қарапайым өкілі, ең алғашқы туындысы этилен С2Н4. Сондықтан осы қатардың көмірсутектерің этиленді көмірсутектер деп те атайды.
Этилен молекуласындағы атомдар ядроларының ара қашықтығы 0,134 нм, түзілу энергиясы 612,4 кДж/моль.


2.1.2 Номенклатурасы және изомериясы
Номенклатура. Этилен қатарындағы көмірсутектердің жүйелік атауы өзіне сәйкес қаныққан көмірсутек атауындағы ан жұрнағын ен (немесе кейде – илен) жұрнағына алмастыру арқылы жасалады. Мысалы: этан – этен, пропан – пропен, бутан – бутен және т.б.
Рациональды атау бойынша этилен көмірсутектерің этилен туындысы ретінде қарастырады. Онда жоғарыдағы қосылыс : триметилэтилпропилэтилен деп аталады.
Қанықпаған көмірсутектер радикалдарын жүйелік атау бойынша түбірге – енил жұрнағы жалғанады: этенил СН2 = СН - , пропенил СН2 = СН – СН2 - . Бірақ бұл радикалдар үшін көбіне эмперикал атау қолданылады: винил және аллил.
Изомерия. Алендерге екі түрлі құрылымдық изомерия тән: а) қаныққан көмірсутектер тәрізді көміртегі қанқасының изомериясы б) көміртегі тізбегіндегі қос байланыстың орнына байланысты изомерия. Мысалы, бутиленнің С4Н8 үш изомері бар:

СН2 = СН – СН2 – СН3 СН3 – СН = СН – СН3 СН2 = С – СН3


׀
СН3
бутен – 1 бутен-2 2-метилпропен-1
Бутен-2 молекуласындағы қос байланыспен жалғасқан көміртегі атомдары еркін айнала алмайды. Сондықтан бір конфигурациядағы молекула екінші конфигурациялы молекулаға энергия жұмсамай айнала алмайды. Бұл – кеңістіктік изомерияның бір түрі – геометриляық изомерия. Егер изомердегі орынбасушы топтар (СН3) қос байланыстың бір жағында орналасса, онда ол цис- изомер болады, ал әр түрлі жағында орналасса, онда транс-изомер болады:

цис-изомер (балқу темп. -138,90С транс-изомер (балқу темп. -138,90С
қайнау темп. – 3,70С) қайнау темп.–0,90С)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет