2.2 Физикалық қасиеттері
Этиленнің гомологтық қатарының алғашқы үш мүшесі – газдар; С5Н10 (амилен) бастап – сұйықтар, ал С18Н36 – қатты заттар. Молекулярлық массасы артқан сайын балқу және қайнау температуралары өседі. Қалыпты құрылысты алкенді көміртегі тізбегі изоқұрылысты изомерлеріне қарағанда неғұрлым жоғары температурада қайнайды. Цис-изомердің қайнау температурасы, транс-изомерге қарағанда жоғары, ал балқу температурасы керісінше.
Алкендер суда нашар ериді (бірақ сәйкес алканға қарағанда жақсырақ). Олар органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |