Органическая химия



бет28/43
Дата20.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#140096
түріМетодические указания
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
СРСП новый

9.1 Арендерді алу жолдары

Ароматты көмірсутектердің өндірістегі негізгі алынуы өткен тарауларда қарастырылған, әйтсе де кейбір маңызды әдістерді арнайы әңгімелеуге болады.


Бензол. Бұрын да айтылғандай бензол, гексан, циклогексан немесе циклогексен сияқты көмірсутектерді сутексіздіргенде, сондай-ақ ацетиленнің үш молекуласын біріктіре қосқанда алынады. Олар мұнай өндірісі мен тас көмір шайырларынан да едәуір өндіріледі. Көмірді төменгі температурада (500-600оС) кокстегенде циклоалкандар түзіледі, оны сутексіздендірсе, бензол т.б. ароматты көмірсутектер шығады. Ал 900-1000оС-та арендер мен сутек бөлінеді.
Бензол - өндірістік органикалық синтездің негізгі шикізаты. Оның жылына өндірілетін әлемдік мөлшері миллиондаған тонна. Одан малеин ангидридін, циклогексан, анилин, кір жуғыш заттар т.б. өндіреді. Сол сияқты стирол мен фенол өндірудегі шикізат кумол және этилбензол сияқтылар да бензолдан алынады.
Толуол. Толуол бензолдың бірінші гомологы болғандықтан оны да не бензолдан, не бензол алынатын жолмен алады. Гептанды катализ жолмен сутексіздендіргенде де толуол алынады. Ол бензольдегид, дәрі-дәрмек, түрлі бояулар және қопарылғыш заттар өндірісінде қолданылады.
Ксилол. Бензолдың екінші, толуолдың бірінші гомологы – ксилол. Ол да мұнай өндірісі мен кокс шайырынан бөлінеді. Тек бірінші рет қуып айдағанда, бензол, толуол, ксилол т.б. органикалық арендер аралас бөлінеді. Сосын ректи­фикациялық колонада 144,2оС орто-кисилолдан бөлінеді. Оның қайнау темпе­ра­турасының айырмашылығы мете және пара- ксилолдан 5-6оС-қа өзгеше. Ал мете- және пар- ксилолдың қайнау температурасы бір-бірінен өте жақын болғандықтан оларды қоспа түрінде айдайды. Ол екеуін бір-бірінен бөлу үшін олардың қату температурасы пайдаланады. Пара-изомері 60оС-та крис­талға айналып қатады да бөлінеді, бұл температурада мета- изомері сұйық болады.
Полимер синтезінде қажетті фтал және пара-ксилол (терефтал) қышқылдары сияқтылыр орто-ксилолдан алынады. Метакислол өмірде көп қолданылмайды. Сондықтан да оны изомеризацияласа бастапқы үш изомердің қоспасын береді. Оны қайтадан жоғарыда келтірілген әдіспен бөледі. Изомерлеу реакциясы жеке қаралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет