Органическая химия


Фридель – Крафтс реакциясы



бет31/43
Дата20.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#140096
түріМетодические указания
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
СРСП новый

ФридельКрафтс реакциясы. Осы тараудың екінші параграфында бензолға немесе олефиндерге HCl және AlCl3 қатысуымен хлорлы алкилдерді қосқанда, реакция нәтижесінде алкилбензолдың шығатыны сипатталған. Хлорлы алюминийдің басты міндеті карбений ионды қайталап шығару. AlCl3 галоген молекуласын полярлендіреді:

Cl – Cl + AlCl3  ClAlCl4


C2H5Cl + AlCl3  C2H5 + + AlCl4

Бұл хлорлы алкилді спиртпен алмастырғанда реакция сол қалпында жүреді:


C2H5OH + AlCl3  C2H5 + + [AlCl3OH]
Алюминий хлориді алкандарға әсер еткенде жүретін изомерлену сияқты, спирт не галогенді алкилді ұзын тізбекті карбений иондармен қатар алғанда да изомерлеу реакциясы жүреді:
CH3 – CH2 – CH2Cl + AlCl3[CH3 – CH2CH2]AlCl4
[CH3 – CH2 – CH3]AlCl4
Демек, бензолды тізбекте үш не одан да көбірек көміртек атомы бар алкилді галогендермен алкилденгенде, арендердің бүйір тізбекті алмастырғышы изо-құрылымды болады:

Барлық электрофилді реакциялар сияқты, алкилді бүйір тізбегі бар бензолдарды Фридель – Крафте реакциясы бойынша жүргізу бензолдың өзін алкилдеуден анағұрлым оңай жүреді. Олай болса, бензолды алкилдегенде алкилдеуші агентті артық алсақ, бензол онан әрі алкилденіп, көп алкилді бензол түзеді:
Алюминий хлориді алкандарды изомерлегендей көп алкилді бензолдарды да изомерлейді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет