Органическая химия



бет39/43
Дата20.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#140096
түріМетодические указания
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
СРСП новый

12.2 Бақылау сұрақтары

Ақуыздарға сапалық реакция


Қарастырылатын сұрақтар

  1. Ақуыздарға анықтама беріңіздер.

  2. Ақуыздардың сапалық қасиетін анықтайтын реакция теңдеулерін жазыңыздар.

  3. Ақуыздардың тамақтанудағы маңызы.

  4. Ақуыздардың негізгі қасиеттері қандай?

  5. Ақуыздардың изоэлектрлік нүктесі дегеніміз не?

  6. Ерітіңдіде ақуыздар молекуласының тұрақтылығын қандай факторлар қамтамасыз етеді?

  7. Денатурация кезінде ақуыз молекуласында қандай өзгерістер болады?

1) Глицин ерітіндісіне азотты қышқылымен әсер еткенде 32,3мл. азот (қалыпты жағдайда) бөлінген. Ерітіндіде қанша глицин болған?


2) Этанолдан монохлорсірке қышқылын алыңыз. Барлық процестердің теңдеулерін құрып, өнімнің массасын анықтаңыз, егер 3моль спирт алынса және шығымның массалық үлесі 80% болса.


3) Қоспаның массалық үлесі 40%, массасы 25г. кокстен сірке қышқылын алып, оның массасын есептеңіз. Зертханада осы өзгерістердің бәрін жүргізуге қажетті реактивтердің барлығы бар деп есептеңіз.


4) Массасы 15г аланиннің пропил эфирін алу үшін қанша аланин қажет, егер өнімнің шығымының массалық үлесі 83% болса?


5) Массасы 552г, шығымы 78% болатын глицилаланиннің гидролизі бойынша алынған глициннің массасын анықтаңыз.


6) Массасы 13,2г аминсірке қышқылын этерификациялауға жұмсалған массалық үлесі 86% (ρ=0,7г/см3) этанол ерітіндісінің көлемін есептеңіз.


7) Массасы 15 г сірке қышқылының құрамы С4Н8О3N2 болатын қанша дипептид алуға болады. Синтездің нұсқасын жазыңыз.


8) Массасы 24 г дипептид толығынан гидролиздеу үшін 2,7 г су керек. Гидролиз нәтижесінде бір ғана аминқышқылы түзілсе, дипептидтің құрылысы қандай?


9) Массасы 27,9 г трипептидтің толығынан гидролизденуі үшін 3,6 г су керек. Егер гидролиз нәтижесінде бір ғана аминқышқылы түзілсе, трипептидтің құрылысы қандай?


10) Инсулин гормонының молекулалық массасын табыңыз, егер оның құрамында цистеиннің 6 молекуласы бар екендігі және күкірттің массалық үлесі 3,3% екендігі белгілі болса.


11) Инсулиннің құрамында 51 аминқышқылдарының қалдығы бар болса, массасы 10 г инсулин толығынан гидролиздеу үшін қанша су керек? Алдыңғы есепті қараңыз.


12) Массасы 33 г дипептидтің қышқылдық гидролизі нәтижесінде бір ғана зат түзілді- аминқышқылының хлорсутек тұзы. Осы тұздың массасы 55,75 г. Дипептидтің құрылысын анықтаңыз.

13) Массасы 150 г 5%-дық аминсірке қышқылының ерітіндісіне массасы 100 г 5%-дық калий гидроксидін қостық. Түзілген ерітіндідегі заттардың массалық үлестерін анықтаңыз.


14) Белоктың гидролизі кезінде 222,5г аланин алынған. Белокты глицил – аланиннің полимері деп есептеп, гидролизге түскен белоктың массасын есептеңіз.


15) Белоктың гидролизі кезінде 399,8г лейцин алынған. Глицил– лейциннің полимері деп есептен, гидролизге түскен белоктың массасын анықтаңыз.

13 КӨМІРСУЛАР



Көмірсулар табиғатта кең таралған органикалық қосылыстар. Көмірсу немесе қант тобына жататын заттар ақуыздармен бірге ағзаға өте қажет. Олар да ақуыздар сияқты клетканың құрамында болып, тірі клетканың, мүшенің одан әрі бүкіл ағзаның тіршілігі үшін қажет заттар.Олардың құрамында көміртек, оттек және сутек бар органикалық қосылыстар жатады. Көмірсулардың жалпы формуласы СmH2nOn. Көмірсуларды үш топқа бөлуге болады:
1. Моносахаридтер және олардың туындылары: петозалар (рибоза), гексозалар ( глюкоза және фруктозалар), гептозлар(седогептулоза), глюкурон қышқылы, галактурон қышқылы т.б. нуклеозидтер, глюкоза-6-фосфат, фруктоза-6-фосфат.
Моносахаридтерді альдозалар немесе кетозалар көп атомды спирттер деп қарастыруға болады.
Табиғатта моносахаридтердің екі түрі пентозалар мен гексозалар кеңінен тараған. Пентозалардың ішіндегі көп тараған өкілдері: ксилоза, арабиноза, рибоза, т.б. Глюкозаның ыдырауын 3 кезеңге бөлуге болады:
1. Глюкозаның пирожүзім қышқылына дейін ыдырауы.
2. Пирожүзім қышқылының тотығып декарбоксилденуі және ацетил-КоА күйінде лимон қышқылдарының цикліне қатысуы.
3. Митохондриядағы электрондары тасымалдау тізбегі. Осы көрсетілген процестердің нәтижесінде пирожүзім қышқылы СО2 және Н2О дейін ыдырап, бөлінген энерия АТФ-тің синтезі үшін жұмсалады. Глюкозаның пирожүзім қышқылына дейін ыдыруының өзін 2 сатыға бөлуге болады.
1. Глюкозаның глицероальдегидфосфатқа дейін ыдырауы.
2. Глицероальдегидфосфаттың пирожүзім қышқылына дейін ыдырауы. Бірінші кезеңде, глюкозаның, яғни гексоздың триозаға айналу процесі жүреді.
2. Олигосахаридтер- құрамында 2,3 ,4,5, ,,,10 моносахаридтер болатын көмірсулар тобы. Дисахаридтер: мальтоза, сахароза, лактоза, трисахаридтер, т.б.
3. Полисахаридтер-моносахаридертердің қалдығы 10-нан жоғары болады. Полисахаридтердің екі тобы белгігі: a) гомополисахаридтер: крахмал, гликоген. Б) гетерополисахаридтер: гетерогликандар, гиалурон қышқылы, хондроитин­сульфат, дерматансульфат, кератансульфаттар.
Бұл көмірсулардың атқаратын қызметтері қандай?
1. Энергетикалық қызмет- көбінесе қор түрінде болатын крахмал мен гликоген атқарады. Клеткадағы қор ретінде жиналған крахмал мен гликоген керек кезінде тез глюкозаға айналады. Тамақпен бірге түскен гликоген мен крахмал ас қорыту жолдарындағы ферменттердің қатысуымен глюкозаға айналады.
2. Тіректік қызмет- өсімдіктерде целлюлоза, адам сүйегінде хондрои­тинсульфат тіректік қызмет атқарады.
3. Қорғаныштық қызмет- қышқылдық гетерополисахаридтер:гиалурон қышқылы, кератансульфат (көздің мүйіздік қабатында т.б.) биологиялық майлағыш зат ретінде қолданылады. Қан тамырларында ас қорыту жолдарында, өңеште, қолқада, буындарда (синовиалды сұйықтық) қорғаныштық қызмет атқарады.
4. Гидросмостық және ионды реттеушілік қызмет. Мысалы : гиалурон қышқылы гидрофильді молекула, ол клетка-аралық су молекулаларын және катиондарды байланыстырып, клетка-аралық осмостық қысымды реттеп отырады.
5. Кофакторлық қызмет. Кейбір гетерополисахаридтер кофакторлық қызмет атқрды. Мысалы: гепарин ақуызбен
байланысып белсенді полисахаридті- ақуыздық комплекс түзіп қанды ұюдан сақтауға қатысады, қандағы майлардың ыдырауын күшейтіп, олардың қандағы мөлшерін азайтуға да ықпалын тигізеді.
Көмірсулардың адам организіміндегі алмасуы негізінен төменде көрсетілген кезеңдерден тұрады:
1. Ас қорыту жолдарындағы аспен түскен полисахаридтер мен дисахаридтердің моносахаридтерге дейін ыдырауы және осы моносахарид күйінде ішектен қанға сіңірілуі.
2. Бауырда және басқа тканьдерде гликогеннің синтезделуі және ыдырауы.
3. Клеткаға қанмен түскен глюкозаның оттегінің қатысуымен және оның қатысуынсыз әрі қарай ыдырауы.
4. Глюконеогенез яғни көмірсулардың басқа заттардың алмасуы кезіндегі заттардан түзілуі. Мысалы: глицериннен, сүт қышқылынан, амин қышқылдарынан пирожүзім қышқылынан т.б заттардан глюкозаның түзілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет