Физико-химиялық қасиеттері. Физикалық қасиеттері: Барлық табиғи амин қышқылдары түссіз, кристалды заттар, көбінесе дәмсіз, кейбір амин қышқылдарының ащы дәмі бар, тек қана глициннің дәмі тәтті. Амин қышқылдарының судағы ерітінділері нейтралды, әлсіз қышқылдық және әлсіз сілтілік қасиет көрсетеді. Ақуыз құрамындағы барлық α-амин қышқылдары оптикалық белсенді заттар (глициннен бақасы) және L-қатарына жатады.
Химиялық қасиеттері: 1. Амин қышқылдары амфотерлі қасиет көрсетеді. Себебі, амин қышқылдарының құрамында қышқылдық қасиет беретін – карбокси тобы және сілтілік қасиет көрсететін – амин тобы бар.Амин қышқылдарының бұл қасиеті ақуыздарға да тән.Әрбір амин қышқылының амфиион түзетін рН-ы болады.
2. Пептидтік байланыс түзуі. Бір амин қышқылының –СООН тобының және екінші амин қышқылының –NН2 тобының есебінен су молекуласын бөліп шығарып, пептидтік байланыс арқылы өзара байланысып, пептид түзеді.