13.3 Бақылау сұрақтары
Көмірсулардың жіктелуі. Моносахаридтер. Моносохаридтердің құрылсы. Моноздардың стереохимиясы. Моносахаридтердің кеңістік конфигурациясы. Д және L қатары, моносахаридтердің ерітінділердегі тұйықталған құрылымдары, конформациялық изомерия жөніндегі түсінік. Моносахаридтерді алу жолдары: полисахаридтердің гидролизі, оксинитрилді синтез (тізбекті ұзарту тәсілі). Моносахаридтердің физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: тотығу, күміс –айна реакциясы, фелинг сұйықтығымен әрекеттесуі, тотықсысдануы, көгерткіш қышқылмен реакциясы, фенилгидразинмен әрекеттесуі, сілтілердің әсері, алкилдеу және ацилдеу. Гексоздардың ашуы. Пентоздар мен гексоздарды циклдеу (тұйықтау) арқылы дегидраттау. Моносахаридтердің жеке өкілдері. Гексоздар: глюкоза, галактоза, манноза, фруктоза. Пентоздар: арабиноза, рибоза, ксилоза. Глюкоза мен фруктозаның фосфорлы эфирлері. Гликозидтер және С витамині туралы түсінік. Дисахаридтер. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер. Мальтоза. Целлобиоза. Трегалоза. Лактоза. Сахароза. Жоғары молекулалы полисахаридтер. Крахмал. Гликоген. Клетчатка. Пектинді заттар туралы түсінік. Гемицеллюлоза туралы түсінік.
Глюкозаны ашытқанда 460 г этил спирті түзілген болса, қанша көміртек (IV) оксиді (қ.ж.) бөлінеді?
Фотосинтез процесі кезінде өсімдік көлемі 33,6 л (қ.ж.) көміртек (IV) оксидін сіңірді. Бұл кезде глюкозаның қандай мөлшері түзілді?
. Егер шығымдылығы 75% болса, 1620 г крахмалды гидролиздегенде түзілген глюкозаның спирттік ашуынан неше грамм этанол түзіледі?
Құрамында 70% крахмал бар болса, онда 1 кг жүгері дәнінен алынатын спирттің массасы
. Молекуласында спирттік, кетондық топтары бар көмірсуларға сипаттама бер.
Көміртегі (ІV) → крахмал → Х → этанол өзгерісінен Х затын анықтаңыз:
Глюкозаны аммиак ертіндісі қатысында күміс оксидімен әрекеттестіргенде ыдыс қабырғасына “күміс айна” реакциясы түзіледі.
Глюкозаның А затына айналған өнімін анықтаңыз. Глюкоза молекуласын, күміс оксидімен әсерлесу формасында жазыңыз.
7)Егер жаңа тұндырылған мыс (II) гидроксидіне глюкоза ертіндісін тамшылату арқылы қосып және қоспаны қыздырсақ, онда ерімейтін зат қызыл түске өзгереді, мына схема бойынша:
А және В өнімдерінің структурасы қандай?
8)Егер сахароза ерітіндісіне бірнеше тамшы тұз және күкірт қышқылын тамшылатып қайнатсақ, онда қоспадан моносахарид болатын 2 зат алуға болады.
А заты “күміс айна” реакциясына түсуге бейім екені белгілі, оның структуралық формуласын жазыңыз. В затының структурасы қандай?
9)Белгілі жағдайда глюкоза А және Б затына (1-ші жолы) немесе В затына (2-ші жолы) айналуы мүмкін.
А және В затының структуралық формуласын анықтаңыз.
10) IUPAC номенклатурасы бойынша фруктозаны атаңыз. (Стереохимиялық ерекшеліктерін есептемеңіз).
11) Крахмал макромолекуласының құрылымын сипатта.
12) Көмірсулардың құрамын қандай реакциялар көмегімен анықтауға болады?
13) Табиғаттағы зат алмасудың маңыздылығы неде?
14) Көмірсулардың алмасуына адреналин, глюкагон қалай әсер етеді?
15) Фотосинтез реакциясы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Стародубцев Д.С. Органическая химия. – М.: Высшая школа, 1991. – 42-344с.
2 Артеменко Ф.И. Практикум по органической химии.- М.: Высшая школа, 1983. – 12-152с.
3 Рево А.Я., Зеленкова В.В. Малый практикум по органической химии. –М.: Высшая школа, 1980. – 5-148с.
4 Коровин Н.В., Мигулина Э.И., Рыжова Н.Г. Лабораторные работы по химии. – М.: Высшая школа, 1998. – 5-15с., 170-185с.
Достарыңызбен бөлісу: |