Алкилдеу,ацилдеу практикасы. Фридель-Крафтс реакциясы
бет 1/5 Дата 11.12.2023 өлшемі 5,33 Mb. #196288
Байланысты:
2 лекция видео (1) С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Бейорганикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы Фармацевтикалық және токсикологиялық химия , фармакогнозия және ботаника кафедрасы «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы» пәні Дәрістің мақсаты: студенттерде бейорганикалық дәрілік заттардың (ДЗ) жіктелуі, олардың химиялық синтезі туралы білімді қалыптастыру. Дәріс жоспары: 2. Бейорганикалық дәрілік заттардың жіктелуі 3. Дәрілік заттардың алынуы, сипаттамасы, қолданылуы 4. Қорытынды 5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Бейорганикалық дәрілік заттар – әр түрлі этиологиялық ауруларды емдеу үшін қолданылатын дәрілер тобы. Дәрілік заттардың құрамына кіретін және бейорганикалық табиғаты бар барлық элементтер екі топқа бөлінеді: макроэлементтер және микроэлементтер. Бейорганикалық дәрілік заттарды жіктеу: I топ: мыс және күміс қосылыстары II топ: магний, кальций, барий, мырыш қосылыстары III топ: бор және алюминий қосылыстары IV топ: әр түрлі карбонаттар; V топ: висмут қосылыстары және натрий нитриті VI топ: оттек, сутек асқын тотығы, натрий тиосульфаты, тазартылған су VII топ: йодтың спиртті ерітінділері, хлоридті және бромидті қосылыстар; VIII топ: темір қосылыстары I топ: мыс және күміс қосылыстары Күміс, мыс қосылыстарының дәрілік заттары антисептикалық, күрғатқыш, күйдіргіш, кабынуға карсы зат ретінде колданылады. Мыс ағзада тотығу-тотықсыздану реакцияға қатысады. Ол гемоглобин синтезі үшін қажет. Мыс жеткіліксіз болған жағдайда гипохромды анемия пайда болады. Мыс қосылыстарының дәрілік заты ретінде мыс сульфаты колданылады. Табиғатта мыс сульфаты кристалдық сулары бар әртүрлі минералда кездеседі. Достарыңызбен бөлісу: