Органикалық химия бөлімі. Курстың мазмұны, құрылымы және құру принциптері. Химиялық құрылыс теориясы органикалық химияның мектеп курсының ғылыми негізі ретінде
Органикалық химия» бөлімі. Курстың мазмұны, құрылымы және құру принциптері. Химиялық құрылыс теориясы органикалық химияның мектеп курсының ғылыми негізі ретінде.
Орындаған:Сайлау Назым
«Органикалық химия» бөлімі
Органикалық химия – бұл, көміртегінің қосылыстары, олардың құрылысы, қасиеттері, алыну жолдары және практикалық қолданылуы қарастырылатын, химия ғылымының бөлімі.
Органикалық химияда:
Органикалық химияда заттардың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті нақтылауға көбірек назар аударылады. Бұл салада бейорганикалық химиядан алған білім тереңдеп, одан әрі дамытылады.
Заттардың жіктелуі жөніндегі білім кеңейеді. Оқушылар органикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы жаңа ұғым алады, олардың құрамының күрделенуі және генетикалық байланысымен танысады.
Химияның халық шаруашылығында қолданылуы, ғылым мен өндірістің өзара шарттастығы жөніндегі білім дамытылады.
Органикалық заттардың оқылатын кластарын іріктегенде организмнің құрамына кіретін және маңызды тіршілік процестерін жүзеге асыратын қосылыстарды таңдап алады.
Оларға майлар, көмірсулар және ақуыздар жатады. Май карбон қышқылдары мен кӛп атомды спирттердің күрделі эфирлері, көмірсулар альдегид, спирттер, ақуыздың құрамына көмірсутек радикалдары, амин және карбоксил тобы кіреді. Демек, биологиялық активті майлар, көмірсулар және ақуыздар кластарын қарастыру үшін көмірсутектер, спирттер, альдегидтер мен карбон қышқылдары өтіледі.
Осы талаптарға сәйкес гомологтық қатарларға жататын заттардың ішінен көмірсутектердің бірінші өкілдері метан, этилен, ацетилен, дивинил, бензол толық қарастырылады. Спирттер, альдегидтер және карбон қышқылдары кластарында гомологтық қатардың екінші өкілдері этил спирті, сірке альдегиді және сірке қышқылы оқылады. Әр зат құрамы, электрондық және кеңістік құрылысы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы жоспарымен сипатталады. Заттың құрылысы мен қасиеттерінің, қасиеттері мен қолданылуының арасындағы себеп-салдар байланысы ашылады
ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
.Органикалық заттардың құрылысы А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы, электрондық теория және кеңістік құрылысының теориясы тұрғысынан қарастырылады. Соңғы кездегі бағдарлама бойынша органикалық химияның курсы органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын мына жоспарға сәйкес оқып-үйренуден басталады: құрылыс теориясы шығуының алғы шарттары; құрылыс теориясының мәні мен маңызы; изомерия туралы алғашқы ұғым; кіші период элементтері атомдарының электрондық құрылысы және химиялық байланыс.Осындай теорияны 1861 жылы Қазан университетінің
профессоры А.М.Бутлеров ұсынды.
Бірінші қағида – молекулада атомдардың белгілі бір ретпен байланысатындығы. Бұл қағиданың туынды ұғымдары: түзу және тармақталған көміртегі тізбегі, изомерия және изомерлер, құрылым формулалары.
Бірінші қағида – молекулада атомдардың белгілі бір ретпен байланысатындығы. Бұл қағиданың туынды ұғымдары: түзу және тармақталған көміртегі тізбегі, изомерия және изомерлер, құрылым формулалары.
Екінші қағида –атомдардың ӛзара әсері оқушыларға бейорганикалық химиядан таныс мысалдар арқылы түсіндіріледі. Байланысып тұрған атомдарының әсерінен тұз қышқылы, су және аммиак молекулаларындағы сутегі әр түрлі химиялық қасиеттер кӛрсетеді.
Құрылыс теориясының үшінші қағидасы – зат қасиетінің құрылысына тәуелділігі бутан мен пентанның изомерлерін қарастыру, олардың физикалық қасиеттеріндегі ерекшеліктерді кӛрсету арқылы нақтыланады.Қанықпаған кӛмірсутектерінен этиленнің және ацетиленнің химиялық, электрондық және кеңістік құрылысы толық қарастырылады.
Изомерия және гомослогия ұғымдарын қалыптастыру және дамыту Органикалық химияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі И.Н. Чертков еңбектерінде баяндалған. Изомерия мен гомология заттардың химиялық құрылысының түрлі жақтары ретінде қарастырылып, ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланады. Атомдардың өзара әсері ұғымының қалыптасуы Атомдардың ӛзара әсері туралы ұғым А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясын ӛткенде қалыптасады.Оқушылар органикалық химияны жаңадан оқуға кіріскендіктен, мысалдар бейорганикалық химиядан келтіріледі. Бейорганикалық қозғалыстар молекулалары атомдарының арасындағы біржақты әсер жӛнінде түсінік беріледі.