Қаныққан циклды көмірсутектерінің аттары (циклоалкандар)
Циклоалкандардың аттарын атау үшін цикло деген сөзге циклға кіретін көміртек атомдарының санына сәйкес алканның аты қосылады. Басқа ережелер алкандардың номенклатурасына ұқсас. Мысалы:
Органикалық қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттері, олардың молекулаларының құрвмы кеңістік және электрондық құрылысы арқылы анықталады. Осыған байланысты органикалық қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін түсіндіру үшін изомерлер және изомерия деген түсініктер қолданылады.
Изомерлер деп сапалық және сандық құрамдары мен молекулалық массалары бірдей, бірақ құрылыстары әртүрлі, соған сәйкес қасиеттері әртүрлі заттарды айтады.
Изомерлер деп сапалық және сандық құрамдары мен молекулалық массалары бірдей, бірақ құрылыстары әртүрлі, соған сәйкес қасиеттері әртүрлі заттарды айтады.
Изомерия дегеніміз бірдей химиялық құрамы бар заттардың құрылыстардың өзгешелігіне байланысты физикалық және химиялыққасиеттері басқа болатынын сипаттайтын химиялық құбылыс.
Изомерия
Стереоизомерия
Құрылымдық
Құрылымдық изомерия бір-бірінен химиялық құрылысы арқылы ажыратылады, яғни бұған тізбектердің немесе сақиналардың әртүрлілігі, қос немесе үш байланыстардың, радикалдардың немесе функциялық топтардың орналасу реті жатады. Осыған орай изомерлер келесі топтарға бөлінеді: