4.Спиртті қалай анықтауға болады
Спиртті анықтауда ең қарапайым әдіс – түсін өзгерту. Егер хром ангидридін (CrO3) күкірт қышқылының сулы ерітіндісінде ерітсек хром қышқылының (Н2CrO4) мөлдір қызғылт сары түсті ерітіндісі түзіледі:
CrO3 + Н2О Н2CrO4
хром ангидриді хром қышқылы
Біріншілік және екіншілік спирттер бұл ерітіндімен 1-2сек ішінде әрекеттесіп, әуелі ерітінді лайланады, содан кейін қызғылт сары түсі көкшіл-жасыл түске айналады:
R – OH + Н2CrO4 → көкшіл-жасыл түс
спирт қызыл сары
Спирттердің химиялық қасиеті, реакцияға бейімді гидроксил тобының (ОН-) болуына байланысты. Спирттермен сілтілік металдар әрекеттескенде, гидроксилдегі сутек орнын металл басып, спирттік алькоголятын береді.
2C2H5OH + 2Na 2C2H5ONa + H2
5.Көп атомды спирттер.
Көп атомды спирттер сілтілік металдармен толық және толық емес гликоляттар құрады. Гликоляттар тек қоспа сілтілік металдармен ғана емес, сонымен қатар кейбір басқа металдардың тотықтарымен, мысалы мыс тотығының гидратымен мыстың сульфатына сілтімен әсер етсе, мыс тотығының гидратының көгілдір тұнбасы пайда болады. Бұл тұнба спиртте ерімейді, бірақ сұйық күйінде гликольде өте жылдам ериді, мыстың комплексті гликолятын бере отырып:
H
׀
C H2OH CH2 - O O -CH2
׀ 2 + Cu(OH)2 ׀ Cu ׀
C H2OH CH2 - O O -CH2
׀
H
Достарыңызбен бөлісу: |