Организмнің детоксикация жүйесінің бұзылуын бағалау
Аутоинтоксикация - организмнің өзін өзі улауы. Бұл қалай болады?
Гормональдық баланс жақсы болуы үшін детоксикация фазалары жақсы жұмыс жасау керек.
Организмге кірген кез келген зат бауыр арқылы шығып кетуі керек, бірақ керек емес қалдықтар (токсиндер) уақытылы шыға алмаған кезде бауырға артық күш түседі. Бауыр перегружена бірақ узи қалыпты көрсетеді, анализдер қалыпты болуы мүмкін. Тек аурудың ауыр сатыларында ғана анализ, узи тексеру нәтижелері өзгереді. Сол үшін біздің фунциональдық жағдайымыз, шағымдарымыз өте маңызды.
Организмге жат - тәтті, ұнды, переработанный - сосиски,колбаса сияқты тағамдар көп мөлшерде түсетін болса, бауыр бұлардың қалдықтарын шығарамын деп шамадан көп күш жұмсайды.
Адам баласы топырақтан жаралған, топырақта өскен өсімдіктер және өсімдіктермен қоректенген жануар өнімдерінен керекті пайдалы, қоректік заттарды алу керек Бұл организм үшін жат емес, қалдықтарын шығару да жеңіл.
Жаханданған заманда өзіміздің табиғатымыздан, табиғи өнімнен алыстап, өмірімізге жасанды заттар, тағамдар көп кірген сайын денсаулық мәселелеріміз де көбейіп жатыр.(пластик, фольга, алюминий, әртүрлі соус, иістендіргіш, бояулар)
Детокс күнделікті өмір салтымыз болу керек, әдетке айналу керек.
Құрметті достар төмендегі анкетаны қағаз түрінде шығарып алыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз курстың соңында 2 айдан кейін қайтадан толтырып көріңіз.
Сіздегі шағымдарыңыздың азайғанын байқайтын боласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |