Орындаан Уайділдә Айдын 302-топ Жамбыл шығармаларының Ұлы Отан соғысы кезіндегі әсері, тәрбиелік мәні


«Абай жолының» жарыққа шығуына неге тыйым салынды?



бет5/9
Дата07.02.2022
өлшемі44,17 Kb.
#82301
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
20 ғас Уайділдә Айдын 302-топ
қазақ.әдебиеті оқ.УАЙДІЛДӘ Айдын 302-топ, қ.ә.о.ә Д.Анель 302 топ, қ.ә.о.ә Д.Анель 302 топ, қ.ә.о.ә Д.Анель 302 топ, Біржан сал
«Абай жолының» жарыққа шығуына неге тыйым салынды?
Әуезов романды жазуға 1938 жылдың аяғы, 1939 жылдың басында түбегейлі отырады. Қолжазбаның ортасынан асқанда шығарма көлемдене түсіп, екінші кітапқа жалғасады. Жазушы «Абайдың» бірінші кітабын толықтай 1940 жылдың күзінде бітіріп, баспаға ұсынады. Алайда кітап баспада ұзақтау жатып қалады. Бұл кезең туралы профессор Бейсембай Кенжебаев өзінің күнделігіне: «1941 жылдың басында бір барғанымда Мұхтар өте қуанышты еді. Кездесіп, әңгімелесе бастағанымыздан-ақ: «Мен биыл үлкен жұмыс бітірдім. Абай туралы біраз жылдан бері жазып жүрген романымның бірінші кітабын бітіріп, баспаға бердім. Бұған дейін ірілі-уақты бірсыпыра жаздым ғой. Мына романым соның бәрінен өзге, жазушылық қызметімнің бір биік белесі. Адам өзінің әр жұмысына, біріне аз, біріне көп дегендей, әртүрлі қанағаттанады, түрліше риза болады. Мен бұрынғы жазғандарымның ешбіріне бұл романыма қанағаттанғандай қанағаттанған, риза болған емес едім. Бұған бір айрықша қанағаттандым» дегенді айтты», – деп жазып қойған екен.
Сөйтіп жүргенде, 1941 жылдың мамыр айында Мәскеуде істейтін Бейсембай Кенжебаев Алматыға Қазақстан мемлекеттік баспасының бас редакторы болып келеді. Роман енді мұның қолына тиеді. Бірақ Орталық комитет Кенжебаевқа: «Абай» – ескілікті көксейтін роман, авторы да сенімсіз. Мұндай романды жарияламау керек. Бірақ Әуезовке басқадай сылтау айтып, кітабын қайтарып жібер», – деп тапсырма береді. Роман латын әліпбиімен жазылған еді, ал Кеңес үкіметі сол кезде кириллицаға көшіп жатқан. Б.Кенжебаев соны айтып «Кириллицамен жаздырып әкеліңіз» – деп, «Абайды» Әуезовке қайтарып береді. Жазушы бұл істі де жылдам жүзеге асырып, романды жаңа әліпбимен жазып әкеледі. Дәл осы уақытта соғыс басталып әскер, майдан туралы туындылар бірінші кезекке қойылып, «Абай» тағы кейінге шегеріледі.
Ақыры не керек, 1942 жылы баспа директоры Бейсембай Кенжебаев тәуекелге бел буып, басын қатерге тігіп, ешкімге айтпай «Абай» романын баспаханаға теруге жібереді. Кітаптың сүйінші данасы шыққан күні «Социалистік Қазақстан» газетіне рецензия жазады. Романның шыққанын жұрт сол күні бірақ біледі. Тіпті «Абайының» халыққа жетуін көптен күтіп жүрген Әуезовтің өзі сол күні естиді. Романға редактор болған Қуандық Шаңғытбаевтың жазуынша, жазушыға сүйінші хабарды Бейсембай Кенжебаев көзіне жас алып тұрып жеткізген. Әдебиет зерттеуші Құлбек Ергөбек ғалымның бұл әрекетіне: «Міне, осындай қысталаң, өзексіз тар, өңезе кезеңде Бейсембай Кенжебаевтың тәуекелі – қайталанбас рухани ерлік, қайталанбас кісілік», – деп баға береді. Расында, Бейсекең секілді халықшыл адамдар болмағанда, роман тағы қанша жатарын бір Құдай білер еді. Есесіне бірер күннен соң «саяси сенімсіз» адамның романын жариялап, оны мақтап мақала жазғаны үшін Б.Кенжебаев Орталық комитеттен сөгіс алады. Ғалымның бұл ерлігі баспадағы жұмысынан «өз еркімен» кетумен аяқталады. Өмірде көзге көрінбесе де, халық игілігі үшін өз бас қасын қатерге тіге отырып, жүзеге асатын ерліктер осылай жасалса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет