Физикадан есептерді шығарудың басты мақсаты – физикалық құбылыстарға оқу кезінде логикалық ойлау қабілетінің дамуына жəне химиялық білімнің қалыптасуына бағыну. Мұндай мақсатқа жету үшін тек қана есепті шешу фактісі емес, сонымен бірге оларды шешудің тəсілдерін таңдау маңызды роль атқарады. Есепті шешу тəсілімен оны талдау жолы оқылған құбылыстың мəнін ашуға қабілетті болу керек. Кейде тəжірибеден байқағанымыздай оқушы құбылыстың мəнін түсінбей, механикалық түрде шығарады. Есеп шығару барысында түсіну, талқылау, ой- тұжырымын жасау жəне дəлелдеуге тура келеді. Салыстыру, талдау, жинақтау, жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға ауысып ойлау арқылы оқушылардың ақыл- ойы дамиды, интелектуальды біліктері мен дағдылары қалыптасады.