№2. Жолға, вагон қабырғаларына қарағанда қозғалып бара жатқан вагонның қандай бөліктері қозғалады және қандай бөліктері тыныштықта болады?
№3. Тоқтап тұрған автомобильдің қасынан бірдей жылдамдықпен келе жатқан тракторлар калонасы өтіп бара жатыр. Әрбір трактор басқа тракторларға қарағанда қозғала ма? Автомобиль тракторға қарағанда қозғала ма?
Сұрақ – есептерді шығару кезінде есептеулердің болмауы оқушылардың назарын есептің физикалық мағынасына аударуға мүмкіндік береді. Қойылған сұрақтарға жауаптарды негіздеу қажеттігі оқушылыларды пайымдауға,физикалық зандардың мәнін тереңірек ұғынуға үйретеді.
Сұрақ- есептерді шығару, есептің графиктік материалы болатын жағдайларынан басқасында, әдеттегідей, ауызша орындалады. Жауаптар суреттермен де берілуі мүмкін. Мысалы, мына есепке жауап тек суретпен беріледі: «Тығыздығы шар затының тығыздығынан екі есе артық болатын сұйықтың бетінде жүзіп жүретін шардың суретін салыңдар».