1.3Саналы тәртіпке тәрбиелеудегі оқушылардың жасы мен дара ерекшеліктерін ескеру. Мінез-құлық ережелері мен саналы тәртіпке тәрбиелеуде мыналарды ескеру қажет:
I. Кіші мектеп балаларының жүйке әрекетінде көру процесі жетілу процесінен әлдеқайда басым болады. Олардың мінез-құлқының ұнамды дағдылары мен әдеттерін тәрбиелеуге неғүрлым қолайлы. Мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және бекіту әдістерінің жүйесін анықтау үшін мұғалім олардың сипаты мен көлемін егжей-тегжейлі ойластырады.
II. Кіші мектеп оқушыларының ерікті зейінінің тұрақсыздығын, олардың импульсивтігін ескере отырып, мұғалім бала-ның мінез-құлқына талапты шамалап та және анықтап дәл қоюы және оны әлсін-әлсін баланың есіне салып отыруы, түсіндіруі, көрсетіп беруі, мақұлдайтынын немесе пікірлесетінін білдіріп отыруы қажет.
III. Кіші мектеп балалары тым ширақ, жігерлі. Бірақ олар бір текті сабақтардан тез шаршайды. Олардың бұл ерекшеліктері мұғалімнен іс-әрекеттің түрлері мен әдістерін өзгертіп отыруды, оқыту мен тәрбиелеудің түрліше әдістерін алмастырып қолдануды талап етеді. Бірінші сынып оқушылары әңгімені ойша құруға, жаттығуды үнсіз орындауға әлі төселмеген. Сол себепті олар күбірлеп сөйлеп, кейбір ойын қозғалысын қолымен көрсетіп отырады. Кіші мектеп балаларының ойлау бейнелігін ескере отырып, тәрбиеде балаларға жанды да нақты мысалдарды, көрнекілікті және басқа құралдарды қолдануға тура келеді.
Кіші мектеп балаларының әсерлі еліктегіштігін ескеріп, мұғалім оларға талапты үлғайтумен бірге мадақтау тәсілдерін де жиі қолданып отырған жөн.
Шолжаң да қыңыржаң, қиқар мінезді балалармен жүргізілетін жұмыста мұғалім өзін бір қалыпта, бірақ табандылық мен талап қойғыштық дәрежеде ұстауы керек.
Ұялшақ балаларды қоғамдық өмірге бірте-бірте араластыруға тура келеді. Жай басар, аңғал оқушылармен жұмыс жүргізгенде дағдыландыру әдістерін қолданған жөн.
Тәртіптілік мінездің маңызды сипаты болып табылады, ол адамның жеке басының басқа да қасиеттерімен тығыз байланысты, әсіресе балаларды ұстамдылыққа тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.
Мәдениетті қылық дағдысы мен әдетін тәрбиелеу. Саналы тәртіпке тәрбиелеу мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырумен тығыз байланысты. Тәртіпті оқушы адамға сезімталдықпен қарайды, қоғамдағы қабылданған моральдық нормаларды сақтайды. Сондықтан да оны мінез-құлық мәдениетіне үйрету оқай. Ерке де салдыр-салақ балаға оны үйрету қиын.
Балаларды жас кезіненаң жақсы әдет-қылыққа дағдыландыру оларды адамдарға жақсылық жасауға үйрету, үй тұрмысындағы жоғары мәдениетке деген сүйіспеншілік дарыту өте маңызды.
Мінез-құлық мәдениеті - ол өзін қоғамдық ортада ұстай білу және әдептілік ережелерін сақтай білу ғана емес. Ол баланы, үлкендерді сыйлаудан, жоғары адамгершіліктен, ұжымда өмір сүріп еңбек ете білуінен көрінеді. Кейде үнамды ңылықтар көрер көз үшін ғана жасалады. Сыртқы мәдениеті адамның мінез-құлық пен сыртқы бейнесінен көрінсе, ішкі мәдениеті адамның білімінен, нанымынан, жеке басының мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра білуінен тұрады. Адамның қоғамда сыйлы болуы және бағалануы ішкі мәдениетіне байланысты.
Сондықтан мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу адамның моральдық бейнесін қалыптастырумен бірге адамгершілік, азаматтық, ұжымшылдық, достық жолдастықң рухында тәрбиелеуге, тәртіпке және ұйымдастыруға үйретумен тығыз байланысты. Мәдениетті мінез-құлық ережелерін түсіндіру. Бастауыш сыныптардың өзінде-ақ мектептегі және үйдегі, көшедегі және қоғамдық орындардағы, мінез-құлық ережелерінің негізі үйретіле бастайды. Бірақ мінез-құлық мәдениеті жөніндегі білім бірте-бірте кеңейеді. Ересек оқушылар мінез-құлық мәдениетінің жаңа ережелерін меңгеріп, олардың қоғамдық өмірдегі мағынасын түсінеді, жүзеге асыруға үйренеді. Мінез-құлық дағдысы мен әдетін қалыптастыруда сан түрлі жаттығулар аса қажет. Балалардың мінез-құлқына қатаң тәртіп орнату, мектеп пен отбасының талаптарының бір тұтас болуына байланысты. Мәдениетті мінез-құлық дағдысымен әдетін тәрбиелеуді қамтамасыз етеді. Мектеп пен отбасы алдына балаларға тек үнамды дағдыны сіңіру ғана емес, сонымен бірге олардың жаман әдеттерін жою міндеттері қойылады.
Жаман әдеттерді жоюда түсіндіру, талап қою, күн тәртібін орнату сияқты амалдар қолданылуы тиіс. Ұнамсыз әдетті түбірінен жою мұғалім мен ата-аналардан барлық амалдар жүйесін ұштастырып, дұрыс қолданылуын талап етеді.[4.78]
Мінез-құлықтың негізгі нормалары мен ережелері оқушыларға арналған ережелерде тұжырымдалған. Оларда мектеп оқушыларының оқуға жауапкершілікпен қарауы, мектепте және одан тыс жердегі мінез-құлқы айтылады.
Осы мінез-құлық ережелерін оқушылардың әдетіне енгізіп, ішкі қажеттілігіне, айналдыру керек, саналы түрде түсініп, күнделікті дағды іс-әрекеттеріне айналуына мұғалім тәрбиеші әсер ету қажет. Қазіргі кезде мектеп өмірінде оқушыларға арналған ережені жақсы біліп, бірақ оларды орындамайтын балалар кездеседі.
Тәртіптілік дағдысын қалыптастыруға бірден емес, ұзақ жаттығулар жолымен, мінез-құлықтың негізгі нормалары мен ережелерін қалай орындау керектігін көрсету арқылы ғана жетуге болады.
Мектепте оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеуде сынып жетекшісі ата-аналармен ынтымақтаса жұмыс істегенде ғана нәтиже береді.